16 қарашада Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылында Бақсай өзегінде алғаш қатқан мұз үстіне ойнауға шыққан бала суға түсіп кетеді. Абырой болғанда, жақын жерде адамдар болып, құтқарып қалған.
Бес жасар Әлиді көпір үстінде кетіп бара жатқан қыз көріп, «құтқарыңдар» деп айқай салады. Дауысты естіген ауылдың 26 жастағы тұрғыны Дәурен БАҚТЫГЕРЕЕВ өзекке қарай жүгіреді.
- Мұзға жанталаса қарманып жатқан кішкене баланы көрдім. Алдымен баланы сабырға шақырып, мұздың қалыңдау жерімен жақындап барып, қолымдағы таяқты оған создым. Ол жандәрмен ұстағанда, тартып мұздан суырып алдым. Судан шыққан балдырған әбден қорқып кеткен, дірдектеп жатты. Дереу жедел жәрдем шақырдым.- дейді Дәурен.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА