Атырау, 25 қараша 16:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бүгінде Атырауда 867 тұрғын үйдің 252-іне жылу берілді

Толықтырылды
2 167 просмотра


15 қазанда таңертең Атырауда термометр минус 2 градусты көрсетіп тұрды. Атырау облыстық энергетикалық қадағалау департаментінің басшысы Қуанышбек ЖҰМИЕВТІҢ айтуынша, бүгін 15 қазанда ЖЭО жүйесіне қосылған қаладағы 867 тұрғын үйдің 252-сіне және күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №30 балабақша мен ескі жұқпалы аурулар ауруханасынан басқа әлеуметтік 134 объектілеріне жылу берілді. 

Жылу жүйесі ЖЭО-ға қосылған Балықшыда үйлерге жылу беру жұма күні басталды. Бүгін таңертең 48 тұрғын үй массивінің 15-іне ойдағыдай жылу берілді.

- Нұрсая-2 ықшамауданындағы 27 үй бүгін ЖЭО-ға қосылады деп күтіп отырмыз, - деп хабарлайды бас энергетика инспекторы.

Ал сенбіде Нұрсая-2-де салынып жатқан жылу пунктінің төбесі жабылған еді. Көп жерлерде жылу трассасының науалары плиталармен жабылмаған. Енді ол жердегі жылу жүйесіне қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

15 қазан күні кешке Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі келесі хабарламаны тартты: "Атырау қаласындағы жылу беру маусымының басталу мерзімі әлеуметтік нысандар үшін 5 қазанға, көп пәтерлі үйлер 15 қазанға бекітілген. Күндізгі ауа температурасы 3 күн бойы 8 градусқа дейін сақталса, жылу беру мерзімінен бұрын орындалады. Осы күндері Атырауда ауа температурасы 12 градустан төмендемеді, 15 қазаннан 20 қазанға дейін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған үйлер мен барлық тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз етіледі"

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қазан 2018, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.