10 желтоқсанда Атырау облысы әкімдігінде ведомоствоаралық комиссия отырысы өтті, делінген хабарламада. «Қазіргі уақытта 110 өлі балық тіркелді, қалған балықтардың жағдайы нашар». Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлағандай, зертханалық анализ жасаған, ол Жайық суының құрамы таза және тұрғындардың денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіз екенін көрсеткен.
- Бұл оқиға тек Атырауда ғана болды, мұндай жағдай аудандарда тіркелген жоқ, - деді Т. Мұсағалиев.
Комиссия отырысында Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді:
- Мәселе шұғыл арада шешілуі тиіс. Балықтардың нақты қырылу себебін анықтау үшін қажетті деп есептеген бүкіл мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Өкілетті органдардың бүкіл күші ықтимал балық қырылу фактісінің алдын алу үшін жұмылдырылуы тиіс, – деді облыс әкімі.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ