Атырау, 25 қараша 13:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балық, қайда барасың?

Сурет
4 043 просмотра

Өткен аптада Перетаскада өлі балықтар табылған кезде  әлеуметтік желілерде мыңдаған, негізінен тұқы тұқымдас, балықтардың легімен Жайық өзенінен суы тайыз Зарослый каналына шығып жатқаны туралы бейнежазба пайда болған еді. Балықтардың мұндай қауіпті сапары мамандарды абыржытып тастады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің департаментіндегілер бұған былайша түсінік берді:

- Зарослый каналында кәсіпшілік емес көлемдегі балықтар (ҚР-ғы балық аулау ережелеріне сәйкес, кәсіпшілік балық көлемі: сазан – 40 см-ден, қаракөз – 18 см-ден, ақмарқа – 41 см-ден кіші болмауы керек – М.С.) ағысқа қарсы теңіз жаққа қарай өрістеді. Жақында жел тұрып, аталмыш каналдың теңіз бөлігінен су жайылды. Егер біз бөгеуші тораптардың көмегімен балықтардың Зарослыйға жүрер жолын жауып тастамасақ, балықтар жаппай қырылар еді. Енді ол Зарослыйға қарағанда мекендеу үшін жеткілікті суы бар Жайыққа кері кетіп жатыр.

Біз сол жерге бардық. Бұл Жаңаталап ауылының жанындағы Рыбник саяжай поселкесіның маңында екен. Жағалаудан бірнеше адамды көрдік, олар бізді байқап, тезірек көзден таса болуға асықты. Өзекте он шақты ұсақ сазандар жүзіп жүр.

Балықтардың каналды бетке алуына не себеп болды екен? Біз осы ахуалға түсінік беруді балық саласының ардагері, эколог Бостан СҮЛЕЙМЕНОВТЕН өтінген едік.

- Мәселе мынада, өзенге құятын ағын жыл сайын азайып келеді, каналдар лайланады, тазартылмайды, жер жерде судың тайызданып жатқаны байқалады. Жайықтың және оның арналарының басты проблемасы осы. Зарослый арнасының нашарлауының басқа себебін көріп отырған жоқпын, - дейді Сүлейменов.

- Зарослый мен Перетаска арналарындағы ахуалдар арасында байланыс бар ма?

- Екі су тоғанын салыстырмаңыз. Перетаскада еркін тармақ жоқ. Бұл Атыру ЖЭО-на арналған су жинағыш. АМӨЗ жақтан Перетаскаға келетін ағыстар бар екенін және теңіз жақтан су тіреуі бар екенін білемін. Зарослый каналында – еркін тармақ бар.

- Көкарна ауылының жанындағы Садок тармағы да балыққа толы дейді.  

- «Луговской конезавод» ЖШС ол жерде балық өсіреді, соның ішінде бекіре тұқымдастар да бар. Олардың өз балықтарын Жайыққа жіберуге құқығы жоқ, өйткені олар басқа өңірлерден әкелінген.

- Неліктен балық Жайық өзенінен Зарослый каналына келіп жатыр?

- Мен үшін бұл жұмбақ. Қыс басталғанда балықтар қыстау үшін терең жерлерді іздеп табуы тиіс. Жайық жақында ғана мұз құрсанды, оттегі жеткілікті. Мұндай жағдайды алғаш рет кездестіріп отырмын.

Әлия Қайырова

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 желтоқсан 2018, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.