Атырау, 25 желтоқсан 04:16
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Басқа жаңалықтар

Жұтаған Жайық Басқа жаңалықтар

Жұтаған Жайық

16 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Жайық өзеніндегі ау салатын учаскелерде балықтың жай-күйін бақылау үшін аулау айлығы өтеді. Мақсат - өткен жылдың желтоқсанындағы балықтың қырылуынан кейін мониторинг жүргізу. Бұл туралы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Данияр БАЙМАҒАМБЕТОВ хабарлады.  Сурет Бейнежазба 21 қаңтар 2019, 16:31 4 534 рет қаралды
Атырау облысында 41 адам қызылшамен ауырды, бірақ бұл «індет» емес Басқа жаңалықтар

Атырау облысында 41 адам қызылшамен ауырды, бірақ бұл «індет» емес

Бүгінде Атырау облысында қызылшаға шалдыққан 41 жағдай тіркелді. Бірақ, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Надежда ЕРҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, бұл көрсеткіш індет шегінен аспайды. 18 қаңтар 2019, 11:39 2 795 рет қаралды
Балық аммиакқа уланған. Улаушы кім? Басқа жаңалықтар

Балық аммиакқа уланған. Улаушы кім?

Өткен жылдың желтоқсанында қала шегіндегі Жайық өзенінің және балық өсіру зауыттарының астауларында 107 тоннаға жуық балықтың өлгені анықталды. Атырау облысына арнайы іссапармен келген ҚР Орман жəне жануарлар әлемі комитеті балық ресурстарын қорғау жəне балық шаруашылығын реттеу департаментінің басшысы Қадырбек ЕСҚАЛИЕВ өңірдегі балық өлімі ахуалына қатысты өткен жиында осындай цифрды мәлімдеді.  Бейнежазба 16 қаңтар 2019, 14:16 3 765 рет қаралды
Жайық өзенінің Балықшы тұсында өткен демалыс күн Басқа жаңалықтар

Жайық өзенінің Балықшы тұсында өткен демалыс күн

Өткен қыста Балықшыдағы Жайық өзенінде табан, айнакөз, уақ шабақтар қармаққа жақсы түсіп еді. Ал қазір балықтың қабуы шамалы… Жұмыскердегі балық аулаушылар ілмектермен, үшкір зәкірлермен қаруланып, олармен мөңке балықтарды шаншуға тырысады. Кейде ілініп те жатады. Мөңкебалықтың әлсіз екенін айтқым келеді. Мұз бетінде ұзақ шоршымайды, бірнеше рет төңкеріліп, содан соң қатып қалады. Сурет Бейнежазба 15 қаңтар 2019, 10:15 7 010 рет қаралды
Өзгерген маршруттар Басқа жаңалықтар

Өзгерген маршруттар

Редакциямызға хабарласқан қала тұрғындары №4 автобустың бұрынғыдай Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қарай кірмейтінін, нәтижесінде емделушілерге №1 емханаға жаяу жетуге тура келетінін айтқан еді. Осыған орай біз хабарласқан «Смарт-Атырау» КММ басшысының орынбасары Рүстем  ЕРНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, ,биыл 1 қаңтардан бастап автобустардың «жүру қашықтығын қысқарту мақсатында» қалада тек №4 маршруттың ғана емес, тағы да 13 автобус жолының сызбасы өзгергенін мәлімдеді. 15 қаңтар 2019, 10:19 2 892 рет қаралды
ҚТЖ, аман қалғаныма шүкір ет Басқа жаңалықтар

ҚТЖ, аман қалғаныма шүкір ет

Бала кезімнен пойызбен жүргенді жақсы көремін, өзгеше бір тартатын романтикасы бар: рельс дүрсілі, терезеден ауысып тұратын көрініс, анам тек пойызда жеуге ғана рұқсат ететін зиянды десе де дәмді «Доширак», пакеттегі үш қоспалы кофе, әңгімешіл жолаушылар, тоқыма тоқыған әжейлер, карт ойыны... 11 қаңтар 2019, 11:56 3 846 рет қаралды
Отқа күйген,  газға тұншыққан Басқа жаңалықтар

Отқа күйген, газға тұншыққан

10 қаңтарда қала сыртындағы Еркінқала ауылында жылыту қазандығының дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан 63 жастағы әйел адам газға тұншығып өлген. Ал үйдегі 68 жастағы тағы бір әйел ауруханаға жеткізілді. 11 қаңтар 2019, 15:05 2 397 рет қаралды
Атырау перзентханасында қанша бала неден шетінеді? Басқа жаңалықтар

Атырау перзентханасында қанша бала неден шетінеді?

Бейресми ақпарат бойынша, Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы 20 күнде дүние есігін ашқан 20 шақты нәресте шетінеп кеткен. Баласын жоғалтқан аналардың бірінің айтуынша, бұл қан құйғаннан кейін болған. 9 қаңтар 2019, 10:33 2 772 рет қаралды
«Сәбилер шетінеді, бірақ дәрігерлердің кінәсінен емес» Басқа жаңалықтар

«Сәбилер шетінеді, бірақ дәрігерлердің кінәсінен емес»

«Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы 20 күнде дүниеге келген 20 шақты сәби шетінеді деген ақпарат шындыққа сай келмейді, сәби өлімі анағұрлым аз болды», - деп мәлімдеді Атырауда арнайы шақырылған брифингте орталық директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ. Бірақ ол деректердің он күн сайын жиналатындығына сілтеп, нақты санын атамады, статистика сәл кейінірек белгілі болады. Нысанбаевтың айтуынша, шетінеген нәрестелердің барлығы мерзімінен бұрын дүниеге келген және оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. 9 қаңтар 2019, 16:50 3 597 рет қаралды
Ақ Жайықтың жаңажылдық номинациялары Басқа жаңалықтар

Ақ Жайықтың жаңажылдық номинациялары

Жыл балы Биыл Атырауда алғаш рет «Grand Ball» қайырымдылық акциясы өтті. Классикалық вена вальсін ғана емес, полонезді, кадрильді және т.б. билерді айналып билеген жас қыздар мен жігіттер, барлығы 75 жұп кештің сәніне айналды. Сондай-ақ, отандық эстрада жұлдыздары да өнер көрсетті. Билет сатудан түскен 2 миллиондай теңге қаржы «Атырау. Кішкентай ел» ҚБ жетекшісі Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВҚА табыс етілді. Бұл ұйым мүгедек балаларды оңалтумен айналысады. Қазір қала сыртынан оңалту деревнясын салып жатыр. Деревняның аналогы Қазақстанда жоқ, тіпті, әлемде саусақпен санарлық қана. Сурет 31 желтоқсан 2018, 00:00 4 277 рет қаралды
Сол жылы жоңғарды да жеңдік Басқа жаңалықтар

Сол жылы жоңғарды да жеңдік

«Уақыт уыста тұрмайды» дегендей, Ит жылы да артта қалып, Доңызды қарсы алып жатырмыз. Бұл жыл бізге не әкеледі? «АЖ»-дың аудандардағы тілшісі бірнеше адамнан жаңа жылға болжамдары туралы сұрады. 30 желтоқсан 2018, 00:00 3 363 рет қаралды
Ол салақ емес және жылдам жүгіреді Басқа жаңалықтар

Ол салақ емес және жылдам жүгіреді

31 желтоқсанда, Қабан жылы қарсаңында, үш айлық қабан аулау маусымы аяқталады. Айта кету керек, Атырауда аң аулаудың бұл түрі кең тараған, жолы болғыш мерген керемет сезімге бөленіп, дәмді олжаға кенеледі. Жергілікті аңшылар бір өзі торуылдап жүріп, аң аулағанды жөн көреді. Қаумалап ұстау және мұнарадан ату әдістері қолданылмайды. Соңғы жылдары тазымен аң аулау жиі қолданылатын болған. 30 желтоқсан 2018, 00:00 5 201 рет қаралды
Атырауда «Жыл адамы – 2018» марапатталды Басқа жаңалықтар

Атырауда «Жыл адамы – 2018» марапатталды

Атырауда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында мұнайлы өңірдің дамуына үлес қосқан түрлі саланың үздік өкілдерін дәстүрлі марапаттау салтанаты өтті. Бұл жолы мүмкіндіктері шектеулі балалардың «Өмір гүлі» шығармашылық ансамблінің жетекшісі Тыныш ЖАҚЫПОВА «Жыл адамы – 2018» атанды. Сурет 29 желтоқсан 2018, 11:14 5 075 рет қаралды
«Атырау су арнасын» кінәлі деуге негіз жоқ» Басқа жаңалықтар

«Атырау су арнасын» кінәлі деуге негіз жоқ»

28 желтоқсанда Атырау облыстық экология департаменті Жайық өзеніндегі балықтың қырылу фактісі бойынша «Атырау су арнасы» КМК-ін тексеру қорытындылары туралы баспасөз хабарламасын таратты. Ал келесі күні брифингте департамент өкілдері хлоридтер бойынша ШРК асқандығы туралы басты цифрларға түзету енгізді. 29 желтоқсан 2018, 18:13 3 902 рет қаралды
Бекіре фермасындағы қасірет Басқа жаңалықтар

Бекіре фермасындағы қасірет

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС Атырау филиалының бас балық өсірушісі Руслан ДОСАЛИЕВ хабарлағандай, Көкарна ауылының маңында орналасқан балық өсіру шаруашылығында 176 науаның 25-інен барлық балық шығарылған. Тек 92 бекіре ғана тірі қалыпты. Ал бұған дейін шаруашылықта жалпы салмағы 101 тонна болатын орыс және лена бекіресінің 36 мың данасы болған. Сурет Бейнежазба 28 желтоқсан 2018, 10:16 3 529 рет қаралды
«Олар біздің күн баламыз» Басқа жаңалықтар

«Олар біздің күн баламыз»

- дейді Даун синдромы бар балаларды тәрбиелеп отырған атыраулық аналар. Олар «АЖ»-ға балаларының басқалардан ерекше екені туралы жаңалықты қалай қабылдағандарын әңгімелеп, өзекті проблемаларымен бөлісті. 28 желтоқсан 2018, 12:34 4 832 рет қаралды
Атыраудағы «Спортшылар балы-2018» Басқа жаңалықтар

Атыраудағы «Спортшылар балы-2018»

Атырауда Салтанат сарайында дәстүрлі жаңажылдық «Спортшылар балы» өтті. Облыстың спорт қауымдастығын әкім Нұрлан НОҒАЕВ құттықтап, өтіп бара жатқан жылда көзге түскен спортшыларға марапат тапсырды. Сурет 27 желтоқсан 2018, 11:54 5 428 рет қаралды
Жаңа жыл саудасы Басқа жаңалықтар

Жаңа жыл саудасы

Желтоқсан басталғаннан бері  Атырау супермаркеттерінің сөресі жаңа жылдық әшекейлерге және сыйлық жиынтықтарына тола бастады. Ішінде жасанды қар ұлпалары бар мөлдір шыны шарлар, жылтырақ фарфор сүңгілер, періштелердің бейнесі бар жарқыраған гирляндалар, бұғылардың ағаш мүсіндері, алтын жалатылған бүрлер, Аяз Ата мен Ақшақардың мүсіндері көздің жауын алады.  Мұндай жаңа жылдық сиқырдың бір ғана кемшілігі – бағалары қымбат, дегенмен кеңесшілер: есесіне сапалы, қытайлық емес дейді бірауыздан. Сурет 26 желтоқсан 2018, 11:41 5 708 рет қаралды
Комиссия әзірге балыққа қатысты ештеңе анықтаған жоқ Басқа жаңалықтар

Комиссия әзірге балыққа қатысты ештеңе анықтаған жоқ

25 желтоқсанда Атырау облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВТІҢ жетекшілігімен Жайықтағы балықтың қырылу себептерін тексеру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. 26 желтоқсан 2018, 15:35 3 356 рет қаралды
Атыраудағы Президент шыршасы: астары бар ертегі Басқа жаңалықтар

Атыраудағы Президент шыршасы: астары бар ертегі

Бүгін, 24 желтоқсанда «Жайық» мәдени-спорт кешенінде президенттік жаңа жыл шыршасы өтті. Оған 850 бала шақырылды, оның 300-і аудандардан келген. Шырша шамдары жанғаннан кейін ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бейнеқұттықтауы қосылды. Сурет Бейнежазба 24 желтоқсан 2018, 16:20 4 299 рет қаралды
 Шұбатпен емдеу және жерсіздік мәселесі Басқа жаңалықтар

Шұбатпен емдеу және жерсіздік мәселесі

Мақат ауданында бүгінде туберкулездің алдын алу үшін балаларға шұбат беріп, шабындық жердің жетіспеушілігін жақсы көрші Қызылқоға ауданынан 400 мың гектар жер алу арқылы шешпекші. Осы және басқа да мәселелер туралы Мақат ауданының әкімі Жұмабай ҚАРАҒАЕВ өткізген  брифингте қозғалды.  24 желтоқсан 2018, 17:41 3 018 рет қаралды
Жайықтан басқа да су көздері бар Басқа жаңалықтар

Жайықтан басқа да су көздері бар

Жайық өзенінде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «Атыраугидрогеология» ЖШС кеңесшісі Едіге САБУРОВ билікті Ақтөбе облысы бағытында Көкжиде жерасты кен орнынан суды пайдалану үшін су таратқыш салуды талқылау мәселесіне оралуға шақырады. Сондай-ақ, Жылыой ауданынан Атырауға су тартудың баламалы нұсқасы бар екен. 23 желтоқсан 2018, 17:21 3 742 рет қаралды
Бизнес – класс! Басқа жаңалықтар

Бизнес – класс!

Жаңа жыл алдында дәстүрлі өтетін «Жыл кәсіпкері-2018» байқауында балық кәсіпшілігімен айналысып, елімізді және алыс-жақын шетелді балық өнімдерімен қамтамасыз етіп жүрген «Амангелді» өндірістік кооперативінің директоры Мұрат ӘМІРҒАЛИЕВ жеңіске жетті.  21 желтоқсан 2018, 10:35 2 305 рет қаралды
Мәншүк Аймұрзиева: "Сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме көп, бірақ нақты факт жоқ" Басқа жаңалықтар

Мәншүк Аймұрзиева: "Сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме көп, бірақ нақты факт жоқ"

Дәрігерлерге арналған баспана, жалған еңбекке жарамсыздық парақтары, балалар өлімі, мамандық беделі және тағы басқалар туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАМЕН жүргізілген «АЖ» сұхбатынан оқи аласыздар. 20 желтоқсан 2018, 00:00 3 665 рет қаралды
Үміт оты немесе қайырым жасаушы балалар Басқа жаңалықтар

Үміт оты немесе қайырым жасаушы балалар

Менің редакциялық поштама ауыр науқасқа шалдыққан балаларды емдеу үшін ақша жинап жүрген еріктілер туралы жарияланым шығару жөнінде өтініштер көп келеді. Соңғы кездері мұнайлы астанада көбейіп кеткен осындай балаларға қала тұрғындарының сауалдары бар екен. Тапсырманы орындау кезінде екіұдай жайтқа кезіктім, бәрін ретімен баяндайын. 20 желтоқсан 2018, 00:00 4 818 рет қаралды
Жайықта бекіре тұқымдас балықтар да қырылып жатыр Басқа жаңалықтар

Жайықта бекіре тұқымдас балықтар да қырылып жатыр

Әлеуметтік желілерде өлі балықтарға қатысты жаңа бейнежазба пайда болды. Бұл жолы тор ішінде өлі бекіре тұқымдас балықтар су бетінде қалқып жүр. «AЖ» хабарласқан мамандар мұның Курилкино маңындағы Жайықтың Садок тармағының ортасында орналасқан «Луговой жылқы зауыты» ЖШС Атырау филиалының тоғаны екенін хабарлады. Балық өсіру фермасына едәуір залал келген. Бейнежазба 13 желтоқсан 2018, 10:34 4 962 рет қаралды
Жайықта балықтың қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ Басқа жаңалықтар

Жайықта балықтың қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ

Жайық өзені мен жақын жатқан арналарда балықтың қырылуының жаңа ошағы тіркелмеген, уәкілетті органдар өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастыруда. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев хабарлады. 13 желтоқсан 2018, 12:45 2 607 рет қаралды
Өгей әкесі баланы өлімші етіп ұрып-соққан Басқа жаңалықтар

Өгей әкесі баланы өлімші етіп ұрып-соққан

Шымкентте Атырау облысының 22 жастағы тумасы өзінің 5 жасар өгей баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, 5 желтоқсанда кешкісін Шымкентте медреседе білім алып жүрген жас жігіт баланы аяусыз ұрып-соққан, кейін полицейлерге екі қабатты кереуеттен өзі құлап қалды деп хабарлаған.  12 желтоқсан 2018, 11:48 3 345 рет қаралды
Жақынды алыстатқан жол Басқа жаңалықтар

Жақынды алыстатқан жол

«АЖ» редакциясына хабарласқан Атырау қаласы Қара депо елді мекенінің тұрғындары мектепке, балабақшаға бару, қала орталығына шығу қиындап кеткені туралы шағымданды. Бұған дейін теміржол арқылы өтіп жүрген жолдарын «Ақ-жайық-7» ЖШС мекемесі қоршап тастаған. Әрине, бұл қауіпсіздік үшін жасалған шара, алайда адамдарға ыңғайсыздық тудырып отыр. Сурет Бейнежазба 12 желтоқсан 2018, 12:10 3 532 рет қаралды
Атырауда балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды Басқа жаңалықтар

Атырауда балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қалада Жайық өзеніне су төгетін мекемелердің барлығына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлімдеді. 12 желтоқсан 2018, 14:32 4 808 рет қаралды
Мұз бен жалын Басқа жаңалықтар

Мұз бен жалын

Атырау облысының су қоймалары біртіндеп мұз құрсануда. Бұл мұз қабыршағы енді ғана түзіле бастаған ең қауіпті кезең. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам өмірін жалмауы мүмкін», - деп ескертті «Батыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ басшысы Ершат ҚИБАШЕВ брифингте. Оның айтуынша, бүгінгі күні Атырау маңындағы мұз қалыңдығы 7-8 см, Махамбет ауданында 5-6 см, Индер ауданында 9-10 см, Жылыой ауданында 18-20 см, Құрманғазы ауданында мұз әлі қатпаған. 12 желтоқсан 2018, 17:24 2 284 рет қаралды