Атырау, 25 қараша 10:43
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бекіре фермасындағы қасірет

Сурет Бейнежазба
3 276 просмотра

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС Атырау филиалының бас балық өсірушісі Руслан ДОСАЛИЕВ хабарлағандай, Көкарна ауылының маңында орналасқан балық өсіру шаруашылығында 176 науаның 25-інен барлық балық шығарылған. Тек 92 бекіре ғана тірі қалыпты. Ал бұған дейін шаруашылықта жалпы салмағы 101 тонна болатын орыс және лена бекіресінің 36 мың данасы болған.

Балық фермасына барған кезде желбезектерінен қан кеткен іздері бар өлі балықтардың бір бөлігін байқадық. Р. Досалиевтің айтуынша, бұл улану белгісі екен. Бұдан басқа, өлі балықтардың ішкі құрылыстарын тексеру жұмыстары олардың талақтарының кішірейіп, бауырларының іріп кеткенін көрсеткен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

28 желтоқсан 2018, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.