Атырау, 25 қараша 10:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайықтан басқа да су көздері бар

3 565 просмотра


Жайық өзенінде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «Атыраугидрогеология» ЖШС кеңесшісі Едіге САБУРОВ (суретте)  билікті Ақтөбе облысы бағытында Көкжиде жерасты кен орнынан суды пайдалану үшін су таратқыш салуды талқылау мәселесіне оралуға шақырады. Сондай-ақ, Жылыой ауданынан Атырауға су тартудың баламалы нұсқасы бар екен.

ҚР Су Кодексінің 90-бабының 2-тармағында (Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану) былай деп көрсетілген: “Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайына арнап халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервтеу жүзеге асырылады”.

Ал Атырауда резервте  жерасты су көзі жоқ. Егер өзен арнасында техногендік немесе табиғи сипатта катаклизм орын алса, қала тұрғындары бір күнде бөтелкедегі су қорын сарқып, дымсыз қалады.

Сумен жеткілікті көлемде қамтамасыз етудің екі нұсқасы бар.

Бірінші көзі - Ақтөбе облысында орналасқан Көкжиде жерасты тұщы су кеніші. Оның қорлары өте үлкен, олар Атырау тұрғындарының ауыз су сұранысын бірнеше рет қамтиды. Көкжидеден Құлсарыға дейін тікелей шамамен 300 шақырым жер болады. Су стандарттарға сәйкес келеді, су таратқыш сал да, пайдалана бер.

Екінші көзі - Оңтүстік Ембі артезиан бассейні, оның қорлары Атырау облысының барлық елді мекендерінің сұранысынан бірнеше есе жоғары. Оның шекарасы Құлсары қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан. Ол жерде зерттелген және зерттелмеген қорлар бар. Бұл топқа кіретін кен орындарында судың бір литрі 3-4 грамм тұзбен байытылған, ол ауыз су стандарттарының талаптарына жеткенше тұщыланады. Бали, Сарбұлақ, Жаңасу және т.б. көптеген кен орындары бар.

Егер “Боржомидің” бір литрі 6 грамм, ал «Есентуки-2» - 4 грамм тұзбен минералданғанын ескерсек, онда бұл жақсы көрсеткіш.

Сонымен қатар, бұл топ ластанудан өте жақсы қорғалған, өйткені оның “жабыны” өте мықты - сулы қабат 300 метр тереңдіктен басталады және одан төмен кетеді. Ал Көкжидеде нашар қорғалған - құмды массив, жанында мұнай кен орындары бар.

Кезінде Атырау-Доссор-Құлсары су таратқышы жобаланған болатын. Доссорға дейін құбыр салынып, Құлсарыға жетпей қалды. Құбырды салып бітіріп, Құлсарыдан суды Атырауға кері тартып алуға болады.

Резервтік нұсқалар болуы керек. Өйткені экономика дамыған сайын техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ықтималдығы арта түседі.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 желтоқсан 2018, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.