Астанада ҚР Жоғарғы Соты мен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) ұйымдастырған Орталық Азия мемлекеттері үшін қылмыстық сот төрелігі бойынша IX сараптамалық форум өтті, деп хабарлайды Конституциялық сотының баспасөз қызметі.
Форум 2 жылда бір рет өткізіледі және қылмыстық құқық саласындағы реформалаудың өзекті мәселелерін талқылаудың халықаралық алаңы болып табылады.
Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, Парламент депутаттары, адвокаттар, халықаралық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, азаматтық қоғамның өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Испания, Босния және Герцеговина және басқа елдердің сарапшылары мен судьялары қатысты.
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова қатысушыларға Конституциялық Соттың қызметі, конституциялық заңдылықтың сақталуы және оның адам құқықтарының үстемдігі мен қорғалуын қамтамасыз етуге әсері, сондай-ақ әйелдердің сот төрелігі саласындағы рөлі туралы айтып берді.