Атырау, 22 ақпан 19:04
Түнде ашық-5, таңертең +1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 375.95  € 425.80  P 5.74

Атыраудағы «Спортшылар балы-2018»  

27 желтоқсан 2018 11:54


Атырауда Салтанат сарайында дәстүрлі жаңажылдық «Спортшылар балы» өтті. Облыстың спорт қауымдастығын әкім Нұрлан НОҒАЕВ құттықтап, өтіп бара жатқан жылда көзге түскен спортшыларға марапат тапсырды.

Марапаттау рәсіміне халықаралық спорт шебері Ермахан ИБРАГИМОВ, қазақтың тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ, бокстан КСРО-ның бес дүркін, қазақстанның 7 дүркін чемпионы Болат ТЕМІРОВ, әлем чемпионы Максим РАЙКОВ, әлем барысы Айбек НҰҒЫМАРОВ және 2009 жылғы дзюдодан әлем чемпионы Максим РАКОВ құрметті қонақ ретінде қатысты.


2018 жылы атыраулық 10 спортшы «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 18 спортшы «Қазақстанның спорт шебері» атағын алып, 220 спортшы түрлі спорт түрінен еліміздің ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсетті.

Салтанат сарайында атыраулықтар жеңіп алған 300 кубоктан  шырша тұрғызылды.

Сонымен, жыл қорытындысы бойынша жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Индонезияда өткен жазғы Ааразиадалық ойындарының екі дүркін чемпионы Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВ «Жыл спортшысы» атанды.


«Жыл жаттықтырушысы» - каратедан облыс жар командасының аға жаттықтырушысы Болат ІЗБАСҚАНОВ;.  

«Үздік спорт ардагері» - джиу-джитсудан әлем чемпионы Тыныс БИСАЛИЕВ;

«Үздік команда» - Параволейболдан ҚР ұлттық құрамасының негізін құрайтын атыраулық команда;

«Ең үздік жас спортшы» - еркін күрестен 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының вице-чемпионы Талғат СЫРБАЗ;

«Үздік жасөспірім спортшы» - каратеден 2018 жылғы Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Батырғали ӘБІЛМАНСҰР;

 «Жыл серпілісі» - алғаш рет спорттық жекпе-жек пен күштік спорт түрлерінен Конфедерация кубогының иегері Атырау облысының  дзюдо құрамасы;


«Спорттық жоба» - облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясы ұйымдастырған «Каспий кубогы – жайық жағасында» турнирі;

«Үздік федерация» - Атырау облыстық кикбоксинг федерациясы

«Үздік спорт серіктесі» – Атырау облысының спортын дамыту және қолдау қоры

«Үздік спорттық әкім» - жүзуденмемлекеттік қызметшілер арасындағы турнирде жеңімпаз болған Исатай ауданының әкімі Марат МУРЗИЕВ;

«Үздік спорттық бөлім» - Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі

«Спорт жанашыры» - Марат ТҮСІПҚАЛИЕВ;

«Үздік спорттық басшы» - Атырау волейбол командасының директоры Ғабиден ҚАЙЫРЖАНОВ;

«Бұқаралық спорттық шара» – Атырауда ұйымдастырылған жеңілатлетикалық марафондар;

«Спорттық ұйым» - №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

«Үздік спорттық тілші» - «АқЖайық» газетінің тілшісі Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ;

«Үздік спорт жаңалықтарын шолушы» - Аққалыш ИСАТАЙ Өңірлік коммуникациялар қызметінің тілшісі.


Сонымен қатар, дене шынықтыру мен спортты дамытуда қосқан үлестері үшін Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет, облыстық муай-тай федерациясының президенті Ерлан Табылдиев және №1 БЖСМ-нің грек-рим күресі жаттықтырушысы Мұрат Қалбанов мәдениет және спорт министрлігінің төс белгісімен марапатталды. Сондай-ақ, №1 мамандандырылған дене шынықтыру спорт мектебі директорының орынбасары Сәрсенбай БЕГЕШЕВ пен  Махамбет балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абат ҚАБЕНОВ  «Құрметті спорт қызметкері» белгісіне ие болды.   

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

824 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4