Бейресми ақпарат бойынша, Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы 20 күнде дүние есігін ашқан 20 шақты нәресте шетінеп кеткен. Баласын жоғалтқан аналардың бірінің айтуынша, бұл қан құйғаннан кейін болған.
Альбина ЕРМЕКОВА:
- Мен егіз босандым. Содан кейін балаларды жансақтау бөліміне алып кетіп, ұлыма қан құю керектігін айтты. Сосын оның шетінегенін хабарлады, денесі ісіп, аузынан қан кетті, осындай белгілермен іле-шала қызым да көз жұмды... Үйге қайтыс болғаны туралы куәлікпен ораламын деп ойлаған жоқ едім.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жаңа туған сәбилердің шетінеу фактісі орын алғанын, бірақ мұндай мөлшерде еместігін хабарлады.
Бүгін, 9 қаңтарда сағат 11-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде осыған қатысты брифинг өтеді.
Фархат ӘБІЛОВ