«АЖ» тілшісі қала сыртынан балық аулап оралған балықшылардан басты тақырыпқа айналған балық туралы сұрастырды.
- Өткен мереке күндері балық аулауға шықтыңыздар ма?
Владимир: Әлбетте. Махамбеттен балық ауладық. Қармаққа үлкен көксерке мен беріш балығы көп түсті.
- Қара қармаққа ма?
- Кез-келгенін қабады. Қазір Жайықта балық жақсы жүріп тұр... Егер балық қырылмаса, қалада балық жақсы ауланар еді.
Нұрлан: Бүкіл қала «Память Ильичада» мұзда отыр. Жайын, көксерке, дөңмаңдай, сазан, мөңке балығы жақсы қабады. Негізінен мөңке балығы көп түсті. Балықты әлі аршыған жоқпын...
- Қандай құралмен ауладың?
- Балансирмен.
- Балықты балансирмен аулау аянышты емес пе? Бұл «тартпамен» аулаған сияқты ғой.
- Балықшылардың бәрі солай ғой, құртқа қаппай тұр. Қасымыздағы үкілерден жігіттер екі үлкен жайын ұстап алды. Балық жақсы жүріп тұр!
- Өзеннің қай жерінде балық жақсы қауып тұр?
Владимир: Бірінші учаскеден және одан әрі ағыстан жоғарыға қарай жақсы қабады деп естідім. Балық, бәлкім, өзенге жіберілген удың кесірінен қашып жатқан болар...
- Қала сыртындағы балықтар да өлі, шалажансар ма?
- Тірі болғанда қандай. Еш өлі балық көрмедім.
Нұрлан: Мен мерекенің алғашқы күнінде 15 келі болатын дөңмаңдай ұстап алдым. Қолымды қанатып, әзер шығарып алдым.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ