Атырау, 20 сәуір 14:10
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

4 546 просмотра


Қалада Жайық өзеніне су төгетін мекемелердің барлығына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлімдеді.

- Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактілері бойынша құжаттар  Атырау облыстық полиция департаментіне қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу үшін жіберілді. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 6-тармақшасына сәйкес, Атырау облысы экология департаменті және Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына  Жайық өзеніне су төгетін мекемелерге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылды, - дейді инспекцияның бас маманы Ақмарал Каукенова. - Ведомствоаралық комиссия жиынының хаттамасына сәйкес, тұрғындардың денсаулығына зиян тигізбеу және шығын санын анықтау мақсатында «Атырау су арнасы» су жинау құрылымынан бастап теңіздің аузына дейін Жайық өзені толықтай өлген балықтан тазартылып жатыр. Қазіргі таңда жиналған балық көлемі шамамен 1 тоннаға жуық,

Айта кетейік, аталған мәселеге сәйкес Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарларды қорғау инспекциясымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия құрамына Атырау облыстық балық шарушылығы басқармасы, мамандандырылған табиғат қорғау  прокуратурасы, экология департаменті, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы, төтенше жағдайлар департаменті мен Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары енді.

Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Редакциядан. Бейресми ақпарат бойынша, Жайықтағы балықтың жаппай қырылуына қалалық кәсіпорындардың бірі күдіктеліп отыр. «АЖ»-ға табиғат қорғау мекемелерінің біріндегі дереккөздің хабарлауынша, балық оттегі жетіспеу салдарынан қырылды деген нұсқа расталмаған, өйткені сараптама нәтижесі бойынша, өлі балықтан аммиак табылған. Сонда өзенге химиялық удың төгілгені ме?

12 желтоқсан 2018, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.