Атырау, 7 мамыр 17:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18

Өгей әкесі баланы өлімші етіп ұрып-соққан

3 400 рет қаралды


Шымкентте Атырау облысының 22 жастағы тумасы өзінің 5 жасар өгей баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, 5 желтоқсанда кешкісін Шымкентте медреседе білім алып жүрген жас жігіт баланы аяусыз ұрып-соққан, кейін полицейлерге екі қабатты кереуеттен өзі құлап қалды деп хабарлаған.  

Бала ауруханаға ауыр халде түскен, бауыры мен талағы жарылып, ішіне қан кеткен деген диагноз қойылды. 4 сағаттан кейін бала көз жұмды.

- Сот-медсараптама баланың алынған дене жарақатынан қайтыс болғанын анықтады. ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-тармағы (жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, - деп хабарлайды Шымкенттегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

12 желтоқсан 2018, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.