Редакциямызға хабарласқан қала тұрғындары №4 автобустың бұрынғыдай Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қарай кірмейтінін, нәтижесінде емделушілерге №1 емханаға жаяу жетуге тура келетінін айтқан еді. Осыған орай біз хабарласқан «Смарт-Атырау» КММ басшысының орынбасары Рүстем ЕРНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап автобустардың «жүру қашықтығын қысқарту мақсатында» қалада тек №4 маршруттың ғана емес, тағы да 13 автобус жолының сызбасы өзгергенін мәлімдеді.
Маршруттардың жаңа сызбасы:
№3 маршрут СМП-136 ықшам ауданы мен «Атырау» ы/а арасына,
№22 Нұрсая Самал ы/а мен «Дина» базары арасына жүреді.
№30 Жеңіс саябағы - тұрғындар ы/а аралығын қамтиды;
№30А халықаралық әуежайдан – Жеңіс саябағына дейін;
№7 Лесхоз2- Авангард - Химпоселок - Қара депо арасына;
№64 Жұмыскерден - «Дина» базарына дейін;
№65 Авангард ы/а - Балықшы - Ширина - Құрсай - Водниково-Көкарна» арасына;
№53 Дина - Томарлы базары - Ақсай - Ақжар - Талғайран - Бесікті арасына қызмет көрсетеді.
№ 55 Дина базары - Алмалы;
№55А Дина - Береке ы/а;
№56 Дина - Алға ауылы;
№57 Дина базары-Курилкно-Жаңаталап ауылы;
№58 Дина базары -Жұлдыз-1,2,3 ы/а;
Ал, №4 маршрут Нұрсая ықшамауданы мен СМП-163 арасын қамтиды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор