Атырау, 25 қараша 12:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұз бен жалын

2 200 просмотра


Атырау облысының су қоймалары біртіндеп мұз құрсануда. Бұл мұз қабыршағы енді ғана түзіле бастаған ең қауіпті кезең. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам өмірін жалмауы мүмкін», - деп ескертті «Батыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ басшысы Ершат ҚИБАШЕВ брифингте. Оның айтуынша, бүгінгі күні Атырау маңындағы мұз қалыңдығы 7-8 см, Махамбет ауданында 5-6 см, Индер ауданында 9-10 см, Жылыой ауданында 18-20 см, Құрманғазы ауданында мұз әлі қатпаған.

Қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында «БӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Олар күн сайын мұз қалыңдығын өлшейді. Негізгі тәуекел тобында оқушылар тұр. 26 қарашадан бастап жасақ қызметкерлері «Жұқа мұздағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында оқу орындарында алдын алу сабақтарын өткізуде. Сонымен қатар, рейдтер мен мұз астынан балық аулауға асығатын балықшылармен әңгіме-сұхбат жүргізілуде.

Әрі қарай өрт туралы сөз қозғалды. Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Рашид БЛӘЛОВТЫҢ айтуынша, 2018 жылдың 11 айы ішінде 279 өрт тіркеліп, 13 адам қаза болған. Материалдық залал - 24 миллион теңге. Өрттің басым бөлігі тұрғын секторда, 69-ы – көліктерде орын алған. Қараша мен желтоқсан айларында алдын алу мақсатында тұрғын үй массивінде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізіледі.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

12 желтоқсан 2018, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.