Атырау, 25 қараша 11:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайық өзенінің Балықшы тұсында өткен демалыс күн

Сурет Бейнежазба
6 401 просмотра

Өткен қыста Балықшыдағы Жайық өзенінде табан, айнакөз, уақ шабақтар қармаққа жақсы түсіп еді. Ал қазір балықтың қабуы шамалы… Жұмыскердегі балық аулаушылар ілмектермен, үшкір зәкірлермен қаруланып, олармен мөңке балықтарды шаншуға тырысады. Кейде ілініп те жатады. Мөңкебалықтың әлсіз екенін айтқым келеді. Мұз бетінде ұзақ шоршымайды, бірнеше рет төңкеріліп, содан соң қатып қалады.

Қарапайым қармақпен бұл жерде ешкім балық ауламайды. Ойылған үкіні табу үшін бірнеше жүз метр жүру керек. Демалыс күні осы жерде бірнеше сағат тұрдым, бірақ қармағым бір де бір рет қаппады.

- Неліктен билік әлі күнге дейін өзенді улағандарды таппай отыр? – деп сұрайды егде ер адам бір метр де жарты метр көлемдегі үкіге көшкіні («кошка» якорь) түсіріп. – Кім екенін білсек, онымен өзімізше сөйлесер едік.

Қария мөңкебалықтың күн сайын ұсақталып бара жатқанын айтты. Есесіне арасында жайын мен сазан түседі екен. Балықтар әлсіз, қарсылық көрсетіп жарытпайды.

- Өткен желтоқсанда балық оттегінің жоқтығынан қырылды. Осы себепті қазір су бетіне жүзіп шығады, біз де сол сәтінде аулаймыз, - деді қалтасынан арақ бөтелкесі қылтиған жас жігіт.

Ал 14 қаңтарда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен жоғары шенді тұлғалар келген күні Балықшыда көпір жанынан жұмысшылар 3 те 3 метр көлемде үкі қазды. Ол жерден өлі балықтар көрінбеді.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суреттерді  және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 қаңтар 2019, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.