Атырау, 25 қараша 11:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы түнгі жасырынбақ

2 607 просмотра


13 қаңтарда кешкісін Атырауда АМӨЗ маңында екі бала жоғалып кетті. Полицейлер түн ортасына қарай оларды аман-есен тауып алды.

Оқиға былай болған. Қала маңындағы Тасқала ауылының тұрғыны үш баласымен зауыт маңында таксиден түсіп қалады. Үйіне қысқа жолмен бару үшін асфальттан бұрылып, қара жолға түседі. Жер балшық болып, 3 және 8 жасар екі баласына жүру қиынға соғады. Анасы үшінші баласын өзімен бірге алып, көмекке шақыру үшін адамдар іздеп кетеді. Ал қайтып оралған кезде балалар қалдырған орында болмай шығады.

Әйел АМӨЗ күзетшілеріне жүгініп, олар полицияға хабарлайды. Содан кейін полиция жасағы сол жерді шарлап, іздеуге кіріседі. Үш жарым сағаттан кейін екі баланы жыңғыл түбінде ұйықтап жатқан жерінен тауып алады. 3 жасар бала жалаң аяқ ұйықтап жатқан, бағына қарай, дәрігерлер кейін аяғынан үсік белгілерін таппады. Ал анасынан жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаю белгілері анықталған.

Қазір балалар аналарымен бірге, олар өздерімен осылай жасырынбақ ойнады деп ойлаған... Әйел полицейлерге алғыс хат жолдады, дегенмен оның іс-әрекеті кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияда қаралады.

Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Балалар бірден №1 қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, жедел жәрдем шақырылды. Бүгін олар ауруханадан шықты, өйткені денсаулықтарына қауіп жоқ. Анасының наркологиялық тексеру нәтижелері оның сол кеште жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсетті. Оның әрекеті кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

Фархат ӘБІЛОВ

14 қаңтар 2019, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.