Атырау, 25 қараша 12:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайықта балықтың қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ

2 301 просмотра


Жайық өзені мен жақын жатқан арналарда балықтың қырылуының жаңа ошағы тіркелмеген, уәкілетті органдар өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастыруда. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев хабарлады.

- Әлеуметтік желіде таралған бекіре тұқымдас балықтардың қырылуы туралы бейне бір апта бұрын Жайық өзеніндегі балық шаруашылықтарының бірінде түсірілген. Бұл жалпыға белгілі факт. Бүгінгі күні балықтың қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ. Ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта мамандардың бағалауы бойынша су балық үшін қауіпсіз. Жоғарыда аталған жағдай бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта Жайыққа су ағызатын құрылыстары бар барлық кәсіпорындарға жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, - деді Арман Мулдашев. - Біз өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастырудамыз.

Қазіргі уақытта ведомствоаралық комиссия Жайықта балықтың жаппай қырылу себептерін анықтауда. Балықтың қырылу фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлағандай Жайық өзенінің суы тұрғындар үшін қауіпсіз.

Атырау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

13 желтоқсан 2018, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.