Атырау, 25 қараша 08:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында 41 адам қызылшамен ауырды, бірақ бұл «індет» емес

2 699 просмотра


Бүгінде Атырау облысында қызылшаға шалдыққан 41 жағдай тіркелді. Бірақ, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционисі Надежда ЕРҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, бұл көрсеткіш індет шегінен аспайды.

- Науқастардың барлығы қажетті медициналық көмек алып жатыр. Кейбір БАҚ-тар олардың бір бөлігі жансақтау бөліміне түсті деп хабарлады, бірақ бұл шындыққа жанаспайды.

ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, балаларды 12-15 айлық кезден бастап қызылшаға қарсы егеді және 6 жасқа толғанда қайта егіледі.

- Барлық медицина мекемелерінде екпе кабинеттері бар. Желтоқсаннан бастап біз 1000 вакцина ектік, қазір қолымызда 3700-і бар, қосымша тағы 7000 дозаға тапсырыс берілді, - дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА. – Вакцина барлық облыс тұрғындарына тегін.

Фархат ӘБІЛОВ

«АЖ» анықтамасы:
Қызылша  — 39 және одан жоғары градус температурада жылдам таралатын жұқпалы ауру, ағза уланып, тамақ ауырып, жөтел, денеде бөртпе пайда болады. Ағзаға ауыздың, мұрынның, көздің шырышты қабығы арқылы кіретін вирус тудыратын ауру. Қызылшамен адам өмірінде бір рет қана ауырады, содан кейін ағзада мықты иммунитет қалыптасады. Қызылша әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі: ауру адаммен байланыста болған адамдардың 100 пайызы дерлік жұқтырып алады. Әдеттегі бала ауруы деп есептелсе де, қызылша өте қауіпті: сағат сайын әлемде 15 адам қызылшадан көз жұмады. Әсіресе, дамушы Африка мен Азия елдеріндегі өлім саны өте жоғары. 

18 қаңтар 2019, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.