Атырау, 25 қараша 12:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайықтағы балықтың қырылуы: осы төртеудің бірі кінәлі

Бейнежазба
5 368 просмотра


Бүгін, 14 желтоқсанда Атырауда Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылу себептерін тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті.

Атырау облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Қайратқали ХАЙРОЛЛА балықтың қырылуына әкелген ластануға кінәлі болуы мүмкін 4 кәсіпорынды атады. Өйткені олар ағындыларды өзенге құяды. Бұлар: «Атырау су арнасы» ҚМК, «Атырау бекіре балық өсіру зауыты (Еркінқала), «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» (Курилкино) және «Атырау ЖЭО» АҚ.

Брифингте ветеринариялық қадағалау және бақылау департаментінің басшысы Ғалымбек БИСЕНҒАЛИЕВ 2 күн бұрын «АЖ» өз дереккөздеріне сілтеп айтқан мәліметті: Республикалық ветеринариялық зертхана филиалы қызметкерлерінің зерттеу нәтижесінде өлі балықтардан аммиак тапқанын алғаш рет ресми түрде мәлімдеді:

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің департаменті басшысының орынбасары Арман МОЛДАШЕВТЫҢ айтуынша, комиссия 2 желтоқсанда Перетаска каналында және 3 желтоқсанда «Атырау су арнасы» ҚМК-не тиесілі қалалық су тазарту құрылғысының маңындағы балық қырылған оқиғаларды тексеруде. Комиссия мүшелері баспасөз өкілдерінен қандай кәсіпорындардың кінәлі екенін болжамай, тергеудің соңғы нәтижелерін күтуін өтінді.

Қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Нұролла САТЕНОВ қазір базарларда тек сертификатталған балықтардың ғана сатылып жатқанына сендірді. Тауарлар балық павильондарына көктемде және күзде балық аулайтын «Амангелді», «Жемчужина» және «Тілекші» кооперативтерімен жасалған келісімшарттар бойынша келіп түседі.

- Балықты жерде сатып отырған әжелерден емес, ресми сауда нүктелерінен сатып алу керек, - деді Сатенов. Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ балық қырылған жаңа учаскелер табылған жағдайда 27-09-68 телефоны бойынша қоңырау шалуды сұрады. Оның айтуынша, егер жергілікті және республикалық деңгейде қырылу себебін табу мүмкін болмаса, халықаралық зертханалар мен институттар тартылатын болады.

№2 облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Надежда ЕРҒАЛИЕВА соңғы күндері жіті ішек инфекциясының белгілері бар екі науқас түскенін айтты. Олар дəрігерлерге тартылған балық етінен уланғанын айтыпты. Бірақ әрі қарай екі пациентте де «жіті ішек инфекциясы» диагнозы расталмады. Оларда уытты улану әсері болмаған, ағзада аммиак болған жағдайда осындай әсер туындайды.

А. Молдашевтың айтуынша, Жайықта соңғы күндері 3 тонна өлі балық жиналған, бірақ қазір бұл жұмыс тоқтатылды. Күн жылынып, мұз жұқарып кетті, ал өзенге шығу қауіпті.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 желтоқсан 2018, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.