Бүгін, 24 желтоқсанда «Жайық» мәдени-спорт кешенінде президенттік жаңа жыл шыршасы өтті. Оған 850 бала шақырылды, оның 300-і аудандардан келген. Шырша шамдары жанғаннан кейін ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бейнеқұттықтауы қосылды.
Содан кейін балаларды Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ құттықтады:
- Атырау облысы үшін өтіп бара жатқан жыл жақсы жыл болды. Сіздер үшін, балалар, жаңа мектеп, мәдени және спорт орталықтары салынуда. Бәрін де, сендер жақсы оқысын деп, сабақтан бос кездерін жақсы өткізсін деп жасап жатырмыз.
Аяз Ата, Ақшақар, Жалмауыз кемпір және салтанатқа үлгермес үшін залым мыстан у берген 2019 жылдың символы Доңыз өнер көрсеткен концерт және театрландырылған қойылым болды.
- Жақында балықтарды, енді міне, жыл иесін уладық,- деп әзілдеді аналардың бірі. Бәлкім, әзіл-оспақ - осынау қатал дүниеде тіршілік етуді жеңілдету үшін керек шығар. Дегенмен ертегіде доңыз барлық кедергілерді жеңіп, Жаңа жылды баршамен бірге қарсы алады.
Балалар облыс және қала әкімдерімен, басқа да шенеуніктермен шыршаны айналып биледі.
- Үнемі Жаңа жылды күтіп жүремін. Бүгін мені мектептен сабақты жақсы оқығаным үшін жіберді, - дейді 2-сынып оқушысы Диана. – Аяз Атадан осы жылы планшет сұраймын.
Ал енді бұл ата-ананың шаруасы. Шара соңында барлық балаларға тәттілер салынған сыйлықтар табыс етілді.
Фархат ӘБІЛОВ
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор