Атырау, 24 желтоқсан 23:34
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оқиға

Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Қыркүйектің 9-ында тал түсте Қызылқоға ауданының Миялы селосында белгісіз біреулер ЖШС-лердің бірінің базасының аумағынан 3 машина құмды-қиыршық тасты қоспаны ұрлаған. Сарықамыс ықшамауданында белгісіз біреулер үй жанына қойылған «Фольксваген-Гольф» көлігінен ішінде 130 мың теңгесі бар сөмкені ұрлаған. 18 қыркүйек 2013, 14:28 2 172 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Қыркүйектің 5-іне қараған түні драма театры ғимаратының жанында белгісіз біреу 32 жастағы әйел адамға шабуыл жасап, ішінде 86 мың теңгесі бар сөмкесін тартып алған. Қыркүйектің 6-да жұмыс күнінің соңында Бигелдинов көшесінің бойындағы ЖШС-лардың бірінің базасынан 50 метр электр желісін ұрламақ болған осы ЖШС-нің екі қызметкері ұсталды. 11 қыркүйек 2013, 15:00 3 648 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Төменгі Перетаскада тұратын41 жастағы тұрғынның ауласынан 72 түп қарасора табылды. Тамыздың 28-нде күндіз Доссор-Атырау тас жолынан Қарабатанға бұрылатын маңда«Дэу-Нексия» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, Урал-5557-30 самосвалымен соқтығысқан. 4 қыркүйек 2013, 19:55 2 330 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Атырау қаласында 18 тамызда 19 жасар қалалық өзінің Hyundai Sonata автокөлігін басқарудан айырылып қалып, 26 жасар жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші оқиға орнында мерт болды. ҚР ҚК 296 бабы, 2 тармағы бойынша (Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) қылмыстық іс қозғалды. 22 тамыз 2013, 00:00 4 203 рет қаралды
Оқиға

Оқиғалар хроникасы

Тамыздың 5-і күні Қызылқоға ауданы Сағыз селосында өз үйінің сарайында 38 жасар ер адам асылып қалды. 6 тамызда түнгі сағат бірлерде Махамбет ауданы Махамбет селосында жеке меншік үйдің қақпасына 18-жасар бала асылып өлген. Сараптама тағайындалды. Өзіне-өзі қол жұмсау себептері анықталуда. 8 тамыз 2013, 00:00 2 787 рет қаралды
Оқиғалар хроникасы Оқиға

Оқиғалар хроникасы

Биылғы жылдың ақпанында 29 жастағы әйел адам пәтер алып беруге көмектесемін деген уәдемен 9 мың доллар ақшасын алып, ғайып болған. 24 шілдеде тал түсте Әлиев – Сатыбалдиев көпірінің маңынан Жайық өзеніне шомылып жүрген Құрманғазы ауданының Балқұдық селосының тұрғыны, 30 жастағы ер адам суға батып кетті. 1 тамыз 2013, 00:00 2 421 рет қаралды
Уылдырықпен ұсталды Оқиға

Уылдырықпен ұсталды

22 шілде күні Жанбай селосында Исатай АІІБ қызметкерлері 49 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен 4 келідей қара уылдырық, салмағы 10 келідей болатын тұтас бекіре, ау құралдары мен «Гарпун» спутниктік навигаторын тапты. 25 шілде 2013, 00:00 3 610 рет қаралды
Оқиғалар хроникасы Оқиға

Оқиғалар хроникасы

Шілденің 17-іне қараған түні Атырау-Орал трассасының 100-ші шақырымында Махамбет ауданы Алмалы селосының 30 жастағы тұрғыны «Ниссан-Премьера» көлігінің рөлінде отырған кезде рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Шілденің 18-де 23 сағат 15 минутта Жилгородокта Мұқанов көшесінің бойындағы үйлердің біріндегі 4 қабаттағы пәтер терезесінен 2 жасар ұл бала құлап кетті. 24 шілде 2013, 13:39 3 547 рет қаралды
Қылмыстық оқиғалар Оқиға

Қылмыстық оқиғалар

Атырау қаласының тұрғыны маусым айында 37 жастағы танысының зергерлік әшекейлерін алып, қайтармағанын хабарлады. Шілденің 3-інде кешкісін «Дина» СҮ-де бутиктегі сатушының сөмкесінен 5 мың теңгесі, құжаттары мен ұялы телефоны ұрланып кеткен. 11 шілде 2013, 16:05 9 546 рет қаралды
Той алдындағы өлім Оқиға

Той алдындағы өлім

Махамбетте қатыгездікпен жасалған жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Пернебековтер отбасы 14 сәуірде болатын сүйікті ұлдары Дәуренбектің үйлену тойына дайында лып жатқан, ал 12-нде ол достарым деп есептеп жүрген адамдардың қолынан мерт болды. 6 маусым 2013, 00:00 5 193 рет қаралды
Генералдық тазарту Оқиға

Генералдық тазарту

Бүгін, 27 мамырда, Атырау облысының ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Арман ЖАЛМҰХАНБЕТОВ (өткен жылы бүкіл жергілікті құқыққорғау органдарының басшылары масқара болып отставкаға кеткен кезде тағайындалған еді) Атырау қалалық патрульдік-күзет қызметінің екі сержантын жұмыстан босату туралы бұйрыққа қол қойды («Атыраулық полицейлер Керенский салған ізбен жүр» жарияланымын қараңыз). 27 мамыр 2013, 22:53 4 562 рет қаралды
Ертең теңізге шығамыз. Атпаңдар Оқиға

Ертең теңізге шығамыз. Атпаңдар

17 мамырда Солтүстік Каспийде маңғыстаулық шекарашылар тікұшақтан байдаға оқ атты. «Бекіре» операциясының шеңберінде олар Ми-8 тікұшағымен шолу жасап жүріп, жағалаудан 10 мильдей қашықтықта теңізден бортында үш адамы бар 3 моторлы кемені анықтаған. 21 мамыр 2013, 23:28 1 805 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Мамырдың 8-і күні кешкісін қала шетіндегі Мирас поселкесінің маңында «Ниссан» көлігін жүргізіп келе жатқан Томарлы поселкесінің тұрғыны рөлге ие бола алмай, көлігі жол жиегінде текшеленіп жиналған темір-бетон тақталарға соққан. Мамырдың 9-на қараған түні Лесхоздың 48 жастағы тұрғыны ақтөбелік 26 жастағы қызды үйіне алдап шақырып, зорлық жасауға әрекет еткен. 15 мамыр 2013, 16:00 3 142 рет қаралды
Қылмыстық хроника Оқиға

Қылмыстық хроника

6 сәуір күні кешкісін Исатай-Махамбет алаңында ТШО-ның 20 жылдығына арналған концерт болып жатқан кезде 23 жастағы қыздың күртесінің қалтасынан 30 мың теңге ұрланған. Сәуірдің 8-інде күндіз Канцев көшесінің бойындағы «Атаба» супермаркетінің жанынан белгісіз біреу 36 жастағы әйелдің сөмкесін тартып алған. 10 сәуір 2013, 17:24 4 355 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

27 наурызға қараған түні оның ауласынан 15 мың теңге сомасындағы жайылып тұрған киім-кешегі жоғалып кетіпті. Наурыздың 31-інде таңғы сағат 7-де Рембаза маңындағы Жайық өзенінен 40-45 жастағы әйел адамның мүрдесі су бетіне қалқып шыққан. 3 сәуір 2013, 15:33 2 818 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Наурыздың 21 күні «Технодом» электроника дүкенінде күзетші «Транскент-Класс» флэш-картасын ұрлауға әрекеттенген 22 жастағы ұрыны ұстап алды. Наурыздың 21-іне қараған түні 27 жастағы қала тұрғыны Азаттық бойындағы кафеде белгісіз біреудің сөмкесінен 10 мың теңге ұрлап кеткендігі туралы полицияға шағым түсірді. 28 наурыз 2013, 00:00 3 405 рет қаралды
Оқиғалар хроникасы Оқиға

Оқиғалар хроникасы

Наурыздың 12-сіне қараған түні Қызылқоға ауданындағы Мұқыр селосының аурухана қосынына бытыра оғынан аяқтары мен кеудесінен жарақат алған 34 жастағы жергілікті тұрғын және Сағыз селосының 26 жастағы тұрғыны жеткізілді. Наурыздың 15-і күні таңертең Абай көшесіндегі букмекерлік кеңсенің тоналғандығы туралы хабарлама келіп түсті. 21 наурыз 2013, 00:00 3 297 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Наурыздың 6-сына қараған түні Привокзальныйықшам ауданындағы жеке кәсіпкер әйелдің пәтерінен сатуға дайындап қойған 60 жұп ерлер туфлиі ұрланып кеткен. Привокзальныйда тұратын жасы 30-дағы адамға іздеу жарияланды. Полицияға Алмагүл ықшамауданының 36 жастағы тұрғыны хабарласты: гүл сататын дүкенде оны белгісіз ер адам соққыға жыққан. Тараз қаласының 30 жастағы тумасы ұсталды, оны жапа шегуші таныды. 12 наурыз 2013, 18:28 2 658 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Наурыздың 3-і күні таңғы сағат 6-да белгісіз екеу терезе арқылы Сатыбалдиев (бұрынғы Осипенко) көшесіндегі асханаға кіріп, аспаздарды пышақпен қорқытып, олардың бірінің ұялы телефонын, сонымен қатар кассадан 120 мың теңгені алып кеткен. Полицейге 34 жастағы жеке кәсіпкер шағымданды. Ол өткен жылдың қарашасында коммуналдық пәтер алуға көмектесемін деп уәде берген 32 жастағы ер адамға 4 мың доллар берген, ал ол содан кейін ғайып болған. 5 наурыз 2013, 15:38 3 038 рет қаралды
Алаяқ бала күтуші Оқиға

Алаяқ бала күтуші

3 наурыз күні ертемен Атырау ҚІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарақалпақстанның 33 жастағы азаматшасын ұстады. Полицейлер бұрын әлденеше рет сотталған осы тұлғаға қатысты 7 алаяқтық фактісін анықтады. 4 наурыз 2013, 17:46 3 261 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Ақпанның 14-і күні Атырау – Орал тас жолының 5-шақырымында балық қорғау қызметі мен табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан MAN жүк көлігін ұстады. Полиция алаяқтыққа күдіктелген Ракуша поселкесінің 30 жастағы тұрғынын іздестіруде. 21 ақпан 2013, 00:00 3 467 рет қаралды