Атырау, 27 шілде 05:45
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Қылмыстар хроникасы

2 364 просмотра

Полицейлер 2 маусымда балаларға қатысты бірден екі қайғылы жағдайды тіркеді. Береке саяжай массивінде (бұрынғы Память Ильича кеңшары) күндіз екі жасар бала суы бар құдыққа құлап кетіп, суға тұншығып қалған. Кешкісін Махамбет көшесіндегі №109 үйдің төртінші қабатының терезесінен төрт жасар бала құлап түсті. Түрлі зақымдармен ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г. Мұхтарова.

 

***

Мамырдың 30-ына қараған түні Алатау көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреулер «Тойота-Авенсис» автокөлігінің әйнегін сындырып, зергерлік бұйымдары бар әйелдер сөмкесін ұрлап кеткен. Зиян мөлшері 170 мың теңгені құрады. Келесі күні 23 және 26 жастағы екі күдікті ұсталды. Заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

 

***

Атырау қаласының тұрғыны ҚІІБ-не 2011 жылдың сәуірінде 43 жастағы танысының құрбанына айналғанын, коммуналдық пәтер алуға көмектесемін деп уәде беріп, одан 750 мың теңге алып, ғайып болғанын мәлімдеді. Алаяқ әйелге іздеу жарияланды.

 

***

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 1 маусымда сағат 12-де Атырау – Астрахан трассасының 30-шы шақырымында КамАЗ бензовозының 37 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалған. Аударылған автоцистернадан далалыққа 10 тонна дизель отыны төгіліпті. Төгінді алаңы – 150 шаршы метр. Өрт тұтанбаған, жүргізуші жарақаттар ғана алып, аман қалған.

 

***

Мамырдың 31-інде күндіз «Ақ Жайық» қонақ үйінің маңындағы шаштаразға келуші одан 25 мың теңге мен құжаттарды қолды қылған. 34 жастағы ұры ұсталды. Заттай айғақтар тіркеліп, салон қожайынына қайтарылды.

 

***

Маусымның 1-інде күндіз Абай алаңында орналасқан турфирма кеңсесінен 1,1 мың еуро ұрланған. Ұрының жеке басы анықталды – ол 27 жастағы қыз болып шықты. Полициялар оны ұстау шараларын алуда.

3 маусым 2013, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.