Атырау, 29 наурыз 13:17
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 014 просмотра

Төменгі Перетаскада тұратын41 жастағы тұрғынның ауласынан 72 түп қарасора табылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

Тамыздың 28-нде күндіз Доссор-Атырау тас жолынан Қарабатанға бұрылатын маңда«Дэу-Нексия» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, Урал-5557-30 самосвалымен соқтығысқан. ЖКО нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы облыстық ауруханаға жатқызылды.

***

Тамыздың 31-нде Балықшы поселкесінде белгісіз біреулер вагоннан 70 мың теңгенің құрылыс материалдарын ұрлап кеткен. Полицейлер ізін суытпай 12 және 18 жастағы ұрыларды ұстады. Олардың «олжалары» қайтарылып алынды.

***

Тамыздың 31-нде кешкісін Құлсары қаласының орталығындағы коттедждердің бірінде, қожайындары екінші қабатта демалып жатқан кезде, белгісіз біреулер  бірінші қабаттағы терезені ығыстыру арқылы үйге кіріп, қолдарына түскен «Тошиба» ноутбугын ұрлап кеткен.

***

Қыркүйектің 1-нде күндіз «Мұрагер» базарында белгісіз біреу Құрманғазы ауданындағы Балқұдық селосының 29 жастағы тұрғынының ішінде 3 мың теңгесі мен жеке бас куәлігі жатқан сөмкесін тартып алған. «Тосқауыл» жасағы тонаушыны ұстады, ол Бірінші учаскенің 23 жастағы тұрғыны боп шықты.

***

Қыркүйектің 1-і күні тал түсте «Дина» базарындағы шаштараздан құны 100 мың теңге тұратын «Самсунг-Галакси» ұялы телефоны қолды болды. Ұрлық жасады деп күдіктелген Бірінші учаскенің 28 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

***

Қыркүйектің 2-сіне қараған түні Азаттық даңғылының бойындағы №28 үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шығып, бір сағаттан кейін өрт сөндірушілердің күшімен өшірілді. Пәтерден 53 жастағы пәтер қожайынының мүрдесі табылды.

***

Алмагүл ықшамауданының 29 жастағы тұрғыны СМП-163 ықшамауданында тұратын 50 жастағы әйелдің жер учаскесін алып берем деп уәде беріп, одан 770 мың теңге алғанын полицияға хабарлады. Бірақ учаске де, ақша да оның қолына тимеген. Алаяқ әйелге іздеу жарияланды.

4 қыркүйек 2013, 19:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.