Атырау, 29 наурыз 19:55
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қылмыстар хроникасы

2 947 просмотра

Құрманғазы аудандық полициясына Қызылоба ауылының 57 жастағы тұрғыны хабарласты. 7 маусымда белгісіз біреулер өрістен оның жылқысын ұрлап кетіпті. Мал ұрлады деген күдікпен Жыланды ауылының 40 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Маусымның 9-ына қараған түні Құрманғазы ауданының Сүйіндік селосында сарайдан 3 тоқты ұрланып кетті. Ұрлық жасады деген күдікпен 37 және 33 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды.

***

ҚІІБ криминалдық полициясы Атырау қаласы Кеңөзек округіне қарасты Тасқала поселкесінің 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 30 мамырда бұзақылық пиғылмен Панфилов көшесінің бойында тұрған ВАЗ-2112 көлігінің әйнегін сындырған.

***

ҚІІБ-не Атырау қаласы Балықшы округінің Химик саяжай поселкесінің 38 жастағы тұрғыны хабарласты: 8 маусымда оның үйінің ауласынан құрал-саймандар – дрель, багай, балға және т.б. ұрланды. Ұсақ ұрлық жасады деген күдікпен осы поселкенің 19 жастағы үш тұрғыны ұсталды.

***

Маусымның 9-ына қараған түні Қызылқоға ауданының Қарабау поселкесіндегі үйлердің бірінің сарайында 35 жастағы жергілікті тұрғын асылып қалды. Сол күні сағат 18-де осы ауданның Миялы селосында 51 жастағы ер адам өмірмен осылайша қош айтысты. Тергеу жүргізілуде.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша

13 маусым 2013, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.