Атырау, 15 қаңтар 14:56
 ашықВ Атырау -3
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Өз баласынан бас тартты

4 167 просмотра

Қыркүйек айының 17-сі күні Құлсары қаласындағы 1-ші ескі ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің ауласынан құндақтаулы бала табылған.Бұл туралы полицияға хабар тұрғындардан түскен.

Кейін анықталғандай, тұрақты мекен-жайы  анықталмаған 22 жастағы келіншек төрт айлық қыз баланы бағып қағуға жағдайы жоқтығын айтып, өзі әкесі деп таныған құлсарылық  жасы өзімен шамалас жігіттің үйіне әкеліп тастайды. Жауапкершіліктен қашқан «әкей»  болса, баласын үй ауласына қалдырып кетеді. Бүгінгі күні Жылыой аудандық ІІБ бастығы Руслан АДИЛОВТЫҢ айтуынша, олардың екеуі де баладан бас  тарту жөнінде арыз жазған. Сәби ауруханадан шыққасын бөбектер  үйіне тапсырылмақшы.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА    

23 қыркүйек 2013, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.