Атырау, 16 сәуір 22:21
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Той алдындағы өлім

4 856 просмотра

Махамбетте қатыгездікпен жасалған жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Пернебековтер отбасы 14 сәуірде болатын сүйікті ұлдары Дәуренбектің үйлену тойына дайында лып жатқан, ал 12-нде ол достарым деп есептеп жүрген адамдардың қолынан мерт болды.

ҚОСШЫ БАЛАНЫҢ ҚОҢЫРАУЫ

Үйде той алдындағы дүрбелең жүріп жатқан. Дәуренбектің анасы Қама МАЙБАСОВАНЫҢ айтуынша, ұлының телефонына Дәуренбектің өзі қосшы бала етіп таңдап алған досы қоңырау шалып, жігіттер болып арақ ішіп отырған көрші үйге шақырады.

Туыстарының пікірінше, ұлын соғуға «достары» алдын ала дайындалған екен. Оны қайыршақты таспен, ағашпен ұрған, электрошок қолданған. Жас жігітті өлімші қылып сабағаннан кейін, сәл күтіп, содан кейін ғана жедел жәрдем шақырған. Келген дәрігерлерге Дәуренбекті белгісіз біреулер ұрып кетті деп айтып, тіпті, «Жедел жәрдем» көлігіне тиесуге көмектеседі.

Зардап шегушінің ата-анасы болған оқиға туралы кезекші дәрігер Ардақ ХАЙДАРОВТЫҢ айтуымен естиді. Ауруханада, анасының айтуынша, қан-жоса болып жатқан ұлына еш көмек көрсетілмеген. Сонымен қатар, дәрігер ұлдарына қауіпті еш нәрсе болмағанын, үйлеріне алып кетулеріне болатынын айтып, таңертең келулерін сұрайды. Үйде баланың жағдайы нашарлап, қан құсады. Ал таңда көз жұмады.

Полицейлер «ізін суытпай» төрт қылмыскердің бәрін де ұстады. Олар жасағандарын мойындап, жауап берді.

- Алайда тек екеуі ғана қамауда отыр. Ұлымды үйден шығарып алған жігіт бостандықта жүр. Дәуренбекті қайыршақты таспен ұрдым деп мойындаған екіншісі де - үйінде. Оның ағасы жұмыс жасамаса да, АІІБ-нен шықпайды. Біз кінәлілердің, соның ішінде баламызға алғашқы көмек көрсетпеген дәрігерлердің де жазалануын талап етеміз, - дейді ызаға булыққан ана.

ІІД-нің баспасөз қызметі осы факті бойынша ҚР ҚК-тің 103-бабы 3-бөлімі бойынша (денсаулыққа абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтiру) қылмыстық іс қозғалғанын растады.

- Тергеу барысында екі күдікті өздері жасаған істерін мойындады. Олар тек екеулеп ұрғандарын растап отыр. Бүгінгі күні куәгерлер ретінде тағы да төрт адамнан жауап алынды, олардың қылмысқа қатыстылығы тексерілуде. Сот-биологиялық және гендік-молекулярлы сараптама белгіленді, - дейді ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Оның айтуынша, тергеу аясында облыстық медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау департаментіне Махамбет аудандық ауруханасы қызметкерлерінің әрекеттеріне баға беру туралы сұраныс жіберілді.

 

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСТАН БОСАТУ

Махамбет аудандық аурухана-сының бас дәрігері Толғанай ЕРПАНАЕВА өз қызметкерінің кінәсін жасырған жоқ:

- Біз ішкі тексеру жүргізіп, А. Хайдаровтың кезекші дәрігер жарғысының талаптарын бұзғанын анықтадық. Ол медициналық көмек көрсетуге, УДЗ жүргізуге, зертханалық анализ жасауға, қиыншылықтар туындағанда салалық мамандарды шақыруға міндетті болатын. Ақыр соңында, басшылықты хабардар етіп, санитарлық авиацияны шақыруы керек еді. Кезекші дәрігер интернатура бітірген, дипломы бар маман болса да, бұлардың бірде-бірі жасалмаған.

- Ол қазір жұмыстан аластатылды ма?

- Оқиға болғаннан кейінгі келесі күні Хайдаров еш себебін түсіндірместен, 10 күн жұмыста болған жоқ. Осы себеппен ол жұмыстан босатылып, бұйрық пошта арқылы жіберілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына және жас маман ретінде еңбек шартын жасасқан аудандық әкімдікке хабарладық.

 

«ТОЙДЫ БҰЗҒЫЛАРЫ КЕЛГЕН ШЫҒАР»

Полицияның айтуына қарамастан, туыстары тергеудің объективтілігіне күмәндана қарайды.

- Сол күні, қылмыскерлерді ізін суытпай ұстаған күні, олардан қылмыс орнында жауап алынды және төртеуі де жасаған істерін мойындады. Мен және тағы да бірнеше ауыл тұрғындары мұның бәрін бейне камераға түсіргенін көзімізбен көрдік. Ұсталмағандардың біреуі қайыршақты таспен ұрғанын мойындады. Тек екі адам ғана қамаққа алынды, - дейді Дәуренбектің ағасы Нұғман.

- Осы аса ауыр қылмысты жасаған жастардың уәждерін түсіне алмай отырмын.

- Мүмкін тойды бұзғылары келген шығар. Бірақ бұл оларға неге керек, өзім де түсіне алар емеспін, барлығы ініммен бірге өсті, ал екеуі, тіпті, көрші. Ішінде Дәуренбек тойға қосшы бала болады деп таңдағаны да бар. Ауруханада, өлер алдында інім соның атын айтып кетті. Ол қазір тығылып жүр, жаназаға да келмеді.

- Ұлым қайтқаннан бері, міне, 40 күн өтті, - дейді өкінішпен анасы Қама. – Баламның ажалына кінәлі адамдардың еркіндікте жүргенін көргенде жүрегім ауырады. 15 мамырда облыстық ІІД-нің бастығына кіру үшін Атырауға бардым, маған ол жоқ деп айтты, арызымды тастап кеттім. Жауап әлі күнге дейін жоқ. Мен Бас прокурор Асхат ДАУЫЛБАЕВҚА, ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВҚА хат жолдадым, көшірмелерін интернет-сайттарына жібердім. Енді ел президентіне хат жазу ғана қалып отыр.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

6 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.