Атырау, 9 қараша 22:23
 ашықВ Атырау +6
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Браконьерлік трасса

2 452 просмотра

Атырау-Орал трассасында полиция қызметкерлері бір сағаттың ішінде үш тонна балық тәркіледі.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, Махамбет АІІБ қызметкерлері Алға селосының маңында «Газель» көлігін тоқтатты. Көлік жүк салғышынан бір тонна 121 кг қаракөз табылды. Жүргізушіде - 28 жасар Құрманғазы ауданының тұрғынында балық аулауға рұқсат құжаттары болмады. Бір сағаттан кейін осы трассада полициялар тағы бір «Газельді» тоқтатты. Оның жүксалғышында ілеспе құжаттары жоқ екі тоннаға жақын табан балық бар екен.

10 сәуірде «Бекіре-2013» операциясы басталғаннан бері 10 тонна заңсыз ауланған балық, соның ішінде 300 кг бекіре тұқымдас балық, төрт келі қара уылдырық тәркіленген. 20 қылмыстық және 100 әкімшілік іс қозғалды.

Анастасия ПАСТУХОВА

25 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.