Атырау, 19 сәуір 16:41
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қылмыстық оқиғалар

8 842 просмотра

Атырау қаласының тұрғыны маусым айында 37 жастағы танысының зергерлік әшекейлерін алып, қайтармағанын хабарлады. Зиян мөлшері 120 мың теңге тұрады. Алаяқ іздестірілуде.

 

***

Шілденің 3-інде күндіз Азаттық даңғылының бойындағы үй ауласында тұрған «Москвич» көлігінен белгісіз біреулер құны 50 мың теңге тұратын «болгарка» тегістегіш құралын ұрлап кеткен.

 

***

Шілденің 3-інде кешкісін «Дина» СҮ-де бутиктегі сатушының сөмкесінен 5 мың теңгесі, құжаттары мен ұялы телефоны ұрланып кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Өзбекстанның 33 жастағы азаматы ұсталып, қабылдау-тарату орнына қамалды.

 

***

Еркінқала тұрғыны 4 шілдеге қараған түні Студенттер көшесінің бойындағы мейрамхананың жанынан өзін белгісіз біреудің ұрып кеткенін хабарлады. Бұзақылық жасады деген күдікпен Құрсайдың 26 жастағы тұрғыны ұсталды.

 

***

Шілденің 4-іне қараған түні белгісіз біреулер терезе жақтауын шығарып алып, Бисекенов көшесінің бойындағы көлік жөндеу стансасының ғимаратына кіріп,бес ноутбук, екі процессор мен екі ұялы телефонды ұрлап кеткен. Тергеу жүргізілуде.

 

***

Шілденің 4-інде сағат 17-де Жайықта Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің маңында шомылып жүрген 45 жастағы ер адам суға батып кетті. Бір сағат өткеннен кейін құтқарушылардың күшімен дене судан шығарылды.

 

***

Шілденің 6-да кешке үш ер адам Сәтпаев даңғылының бойындағы пәтерде 14 жасар қыз баланы зорлаған. 19, 20 және 25 жастағы зорлықшылар ұсталды.

 

***

Шілденің 7-де кешке Жұмыскерде белгісіз біреу күш қолданып, азық-түлік дүкенінің сатушысынан 17 мың теңге мөлшеріндегі түскен ақшасын тартып алып кеткен. Тонаушы ұсталып, оны жәбір көруші таныды. Ол Лесхоздың 26 жастағы тұрғыны боп шықты.

 

***

Қаладағы қонақ үйлердің бірінің әкімшісі белгісіз біреулердің терезе түбінде тұрған тоңазытқыш радиаторын ұрлап кеткенін полицияға хабарлады. Зиян мөлшері 50 мың теңгені құрады. Ұрлық жасады деген күдікпен Атыраудың 24 және 32 жастағы тұрғындары ұсталды. Заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

 

***

Шілденің 8-іне қараған түні белгісіз біреулер Балықшы селолық округінің Көкарна ауылындағы тұрғын үйдің құрылыс алаңынан 6 метрлік 44 ағаш бөренені ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен жапа шегушінің 22 жастағы ауылдасы ұсталды. Заттай айғақтар тәркіленді.

 

***

Шілденің 8-де кешкісін Индер ауданының Ынтымақ ауылында Жайыққа шомылып жүрген 38 жастағы әйел суға батып кетті. 4 сағаттан кейін судан құтқарушылардың көмегімен әйелдің денесі судан шығарылды.

 

***

Шілденің 9-да таңертең Авангардтағы 3-ші ықшам ауданда «Газель» көлігі Владимирский көшесінде жолдан өтіп бара жатқан 56 жастағы әйелді қағып кетті. Жапа шегуші түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттармен облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер әйелдің рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болғанын хабарлады. Жүргізушінің кінәлі болу дәрежесін жол полициясының анықтау бөлімі анықтайтын болады.

11 шілде 2013, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.