Атырау, 20 сәуір 06:52
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қылмыстар хроникасы

2 827 просмотра

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 мамырда күндіз Құлсары қаласындағы Құлтумиев көшесі, 145 мекен-жайындағы екі қабатты 8 пәтерлік үйде өрт болған. Бір сағаттан кейін өрт үш өрт сөндіру жасағының күшімен өшірілген. Үйден 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 58 жастағы ер адам алынған күйік салдарынан ауруханада көз жұмды. 2 және 10 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды.

***

Мамырдың 8-і күні кешкісін қала шетіндегі Мирас поселкесінің маңында «Ниссан» көлігін жүргізіп келе жатқан Томарлы поселкесінің тұрғыны рөлге ие бола алмай, көлігі жол жиегінде текшеленіп жиналған темір-бетон тақталарға соққан. Алынған зақым салдарынан сол жерде 49 жастағы жолаушысы көз жұмып, жүргізушінің өзі облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

***

Мамырдың 10-ында күндіз «Насиха» базарында белгісіз біреулер «Киа» көлігінің әйнегін сындырып, салоннан әйелдер сөмкесін ұрлап кеткен. Тергеу жүргізілуде.

***

Мамырдың 9-на қараған түні Лесхоздың 48 жастағы тұрғыны ақтөбелік 26 жастағы қызды үйіне алдап шақырып, зорлық жасауға әрекет еткен. Тергеу жүргізілуде.

***

Мамырдың 9-ына қараған түні Авангардтағы үйлердің бірінің ауласынан «Лада» ВАЗ-2114 көлігін ұрлап айдап кеткен. Нұрсая ықшамауданының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Көлік қожайынына қайтарылды.

***

Мамырдың 9-ында кешкісін белгісіз біреулер Жеңіс бағының маңына қойылған «Фольксваген-Гольф» көлігінің әйнегін сындырып, әйелдер сөмкесін қолды қылған. Тергеу жүргізілуде.

***

Мамырдың 11-іне қараған түні белгісіз біреулер Досымов көшесінің маңына қойылған «Лада-Приора» көлігін айдап кеткен. Тергеу жүргізілуде.

***

Мамырдың 11-інде күндіз Жылыой ауданының Тасшағыл селосының маңындағы Жем өзенінде 24 жастағы жергілікті тұрғын мінген қайық аударылып, суға батып кетті. Бір сағаттан кейін ТЖД судан құтқару қызметінің күшімендене судан шығарылды.

***

Мамырдың 12-сіне қараған түні Азаттық даңғылы бойындағы үйдің ауласында белгісіз біреулер Peda скутерін айдап кетті. Зиян мөлшері 250 мың теңгені құрады. Тергеу жүргізілуде.

***

Мамырдың 12-іне қараған түні Азаттық даңғылының бойындағы үй тұрғыны үйінде түнеген Польшаның 30 жастағы азаматының сөмкесінен 20 мың теңгені ұрлап кеткенін полицияға хабарлады. Күдікті ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.  

***

Мамырдың 12-іне қараған түні Авангардта Құрманғазы ауданының Сафоновка селосының 27 жастағы тұрғыны 20 жастағы қала тұрғынын зорламақшы болған. Ол ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Мамырдың 12-сінде кешке Жайық өзенінің сағасынан су полициясы мен балық қорғау инспекциясының қызметкерлері 39 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқанмоторлы қайықты ұстады. Қайықтан балық аулау құралдары мен 25 келі қызыл балық табылған. 

***

Мамырдың 13-іне қараған түні Құрсай поселкесіндегі мектептің құрылыс алаңынан құрылыс материалдары ұрланды. Ұрлық жасады деген күдікпен Құрсайдың 28 жастағы жұмыссыз тұрғыны ұсталды. Құрылыс материалдары орнына қайтарылды.

***

Мамырдың 13-іне қараған түні Құрманғазы ауданының Көптоғай селолық округінің Балықшы ауылында үйлердің бірінің ауласындағы көлікжайдан «Ветерок-8» қайық моторы мен көлік құрал-саймандары қолды болды. Ұрланған заттар Көптоғай селосының 30 жастағы тұрғынының үйінен табылды.

15 мамыр 2013, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.