Атырау, 25 сәуір 22:01
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қылмыс хроникасы

2 754 просмотра

Наурыздың 1-інде сағат 13-те Атырау-Дамбы тас жолында Зарослый деген жерде су полициясы бірінің артынан бірі келе жатқан «Нисан-Европа» мен«Фольксваген-Венто» автокөліктерін тоқтатты. Көлік салондарынан жалпы салмағы 560 келі сазан табылды. Балық иесі Қызылорда облысының 39 жастағы тұрғыны боп шықты.

***

Наурыздың 2-сі күні таңертеңгі сағат 8-де Құлсары-Бейнеу көлік тас жолында ВАЗ-21102 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, машинасы аударылып қалды. Жүргізуші Құлсары қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

***

Наурыздың 2-сі күні жеке кәсіпкер әйел Жылыой АІІБ-не 19 ақпанда Құлсары қаласындағы оның бутигінен ер адамның күртесі ұрланып кеткенін хабарлады. Ұрлық жасады деген күдікпен Құлсарының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұстау кезінде оның үстінде болған күртені сатушы таныды.

***

Наурыздың 3-і күні таңғы сағат 6-да белгісіз екеу терезе арқылы Сатыбалдиев (бұрынғы Осипенко) көшесіндегі асханаға кіріп, аспаздарды пышақпен қорқытып, олардың бірінің ұялы телефонын, сонымен қатар кассадан 120 мың теңгені алып кеткен. Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен бұрын ұрлық және тонау қылмыстарын жасағаны үшін сотталған Привокзальный ықшам ауданының 19 жастағы жұмыссыз тұрғыны ұсталды. Оны жапа шегушілер таныды. Заттай айғақтар – ұялы телефон мен ақшалар тәркіленді. Оның сыбайласының жеке басын анықтау шаралары алынуда.

***

Полицейге 34 жастағы жеке кәсіпкер шағымданды. Ол өткен жылдың қарашасында коммуналдық пәтер алуға көмектесемін деп уәде берген 32 жастағы ер адамға 4 мың доллар берген, ал ол содан кейін ғайып болған. Тергеу жүргізілуде.

***

Махамбет ауданының 26 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды. Ол бірнеше ауылдасынан 70 мың теңгеден ақша жинап, жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, бой тасалаған.

***

Доссор поселкесінің 59 жастағы тұрғыны іздестірілуде. Ол көршісінен 3 млн теңге алып, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп уәде беріп, көзден таса болған.

5 наурыз 2013, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.