Атырау, 26 сәуір 15:26
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қылмыс хроникасы

2 451 просмотра

Наурыздың 6-сына қараған түні Привокзальныйықшам ауданындағы жеке кәсіпкер әйелдің пәтерінен сатуға дайындап қойған 60 жұп ерлер туфлиі ұрланып кеткен. Привокзальныйда тұратын жасы 30-дағы адамға іздеу жарияланды.

***

Наурыздың 6-сында күндіз 29 жастағы ер адам мас күйде Құлсары қаласының орталығындағы дүкеннің витринасын сындырған. Зиян мөлшері 46 мың теңгені құрады.

***

Наурыздың 7-сі күні таңертең қала тұрғыны үйінде түнеген 22 жастағы танысының ақша салынған әмиянын ұрлап кеткенін полицияға мәлімдеді. Ұры ақшаны қайтарғаннан кейін одан басқа жаққа кетпеу туралы қолхат алынды.

***

Құрманғазы ауданының Ақкөл селосының тұрғыны 7 наурыз күні кешкісін үйінің ауласынан 1999 жылы шығарылған «Жигули» ұрланғанын полицияға хабарлады. Көлік ұрлады деген күдікпен 26 және 27 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды. Көлік ауыл шетінен табылған.

***

Полицияға Алмагүл ықшамауданының 36 жастағы тұрғыны хабарласты: гүл сататын дүкенде оны белгісіз ер адам соққыға жыққан. Тараз қаласының 30 жастағы тумасы ұсталды, оны жапа шегуші таныды.

***

Наурыздың 7-сіне қараған түні Тасқала селосында 23 және 30 жастағы жергілікті тұрғындар көшеде тұрған УАЗик көлігінің 4 дөңгелегін түсіріп алған. Зиян мөлшері 32 мың теңгені құрады. Жауап алынғаннан кейін ұрылар басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Наурыздың 7-сі күні кешкісін СМП-163-тегі үйлердің бірінде 35 жастағы әйел адам асылып қалған. Тергеу жүргізілуде.

***

8 наурызға қараған түні 26 жастағы ер адам Баймұханов көшесіндегі автобус аялдамасында ұйықтап кеткен. Оянған кезде сөмкесінің жоғалғанын білген. Ұрлады деген күдікпен Лесхоздың 30 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Наурыздың 8-і күні таңертең Атырау-Дамбы тас жолында су полициясы ВАЗ-2114көлігін тоқтатты. Оның салонынан ілеспе құжаттарсыз 140 келі сазан табылған. Балық Дамбы поселкесінің 61 жастағы тұрғынына тиесілі екен. Сол күні сол жерден «Фольксваген-Пассат» көлігі ұсталды. Оның салонынан Дамбы поселкесінің 36 жастағы тұрғынына тиесілі 311 келі қара балық табылды.

***

Наурыздың 8‑де күндіз қаладан шығар жердегі супермаркеттің жанынан 24 жастағы жігіт 60 жастағы ер адамның ұялы телефонын тартып алған. Зиян мөлшері 8 мың теңге құрады. Тонаушы ұсталып, телефон қожайынына қайтарылды.

***

Наурыздың 9-да таңертең 24 жастағы қала тұрғыны үйіне түнеген 26 жастағы ер адамның кетіп бара жатып, өзімен бірге 3 ұялы телефон мен 18 мың теңгені алып кеткенін полицияға хабарлады. Күдікті Азаттық даңғылы бойындағы өз үйінен ұсталды.

***

Наурыздың 10-да таңертең су полициясының қызметкерлері Сәрсенбаев көшесіндегі үйдің ауласынан жалпы салмағы бір тоннадан асатын 18 қапшық сазан балығын тапты. Балық Тараздың 60 жастағы тұрғынына тиесілі екен.

12 наурыз 2013, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.