Атырау, 16 сәуір 19:43
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Қылмыстар хроникасы

3 174 просмотра

Наурыздың 21 күні «Технодом» электроника дүкенінде күзетші «Транскент-Класс» флэш-картасын ұрлауға әрекеттенген 22 жастағы ұрыны ұстап алды. Сол күні «Идеал» желілері супермаркетінің күзеті «Джекдэниелс» вискиінің бөтелкесін қолтығына қысып алып кетпек болған Махамбет ауданы Сарытоғай ауылының 19 жастағы тұрғынын ұстады.

***

Наурыздың 21-іне қараған түні 27 жастағы қала тұрғыны Азаттық бойындағы кафеде белгісіз біреудің сөмкесінен 10 мың теңге ұрлап кеткендігі туралы полицияға шағым түсірді. Ұрлық жасады деген күдікпен Геолог поселкесінің 24 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Наурыздың 21-і күні таңертең Сарыөзек маңындағы саяжай учаскелерінің бірінен 53 жастағы қожайынының мүрдесі табылды. Зорлықпен өлтіру белгілері анықталмады. Дене мүрдеханаға жеткізілді.

***

Махамбет ауданының 38 жастағы тұрғыны өткен жылдың желтоқсанында 48 жастағы ер адамның оның сеніміне кіріп, теледидарын, жиһазын және 300 мың теңгесін алып кеткенін мәлімдеді. Тергеу жүргізілуде.

***

Наурыздың 21-інде күндіз Индербор поселкесінде Жайық өзенінің жағасынан суға батқан 16 жасар қыздың денесі табылды. Зорлық белгілері табылмады. Дене мүрдеханаға жеткізілді.

***

Жанбай ауылының маңындағы Атырау-Астрахан тас жолында 21 наурыз күні Құрманғазы ауданының Утеры ауылының 39 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Фольксваген-Пассат» көлігі аударылып қалды. ЖКО нәтижесінде көліктің 39 жастағы жолаушысы сол жерде көз жұмды. Тағы бір жолаушы Исатай ауданының ауруханасына жеткізілді.

***

Исатай ауданының 53 жастағы тұрғыны полицияға шағымданды: өткен жылдың қазанында атыраулық алаяқ облыс орталығынан пәтер алуға көмектесемін деп уәде беріп, оның 10 мың долларын алып, ғайып болған.

***

Наурыздың 21-іне қараған түні 71 жастағы құлсарылықтың көлікжайынан 65 мың теңгелік қосалқы бөлшектер қолды болған. Ұрлық жасады деген күдікпен Құлсары қаласының 48 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Наурыздың 22-сі күні кешкісін Атырау-Дамбы тас жолында бортты «Газельді» тексеру кезінде ілеспе құжатсыз қара балық тұқымдастардың бір жарым тоннасы табылды. Су полициясы тергеу жүргізуде.

***

Наурыздың 23-іне қараған түні Мақат поселкесінің 31 жастағы тұрғыны ішінен алған пышақ жарақатымен Мақат аудандық ауруханасына түсті. Қылмыс жасады деген күдікпен Мақат поселкесінің 24 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

***

Наурыздың 23-іне қараған түні Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылында белгісіз біреу күш қолданып, дүкен сатушысынан  500 теңге сомасындағы бір қорап темекі мен бір бөтелке арақты алып кеткен. Ертеңгісін ұсталған Дәшін ауылының тұрғыны мас болғанын, ештеңе есінде жоқ екенін полицейлерге хабарлаған.

***

Наурыздың 23-іне қараған түні Құлсары қаласында көлік жөндеу стансасының қызметкері жөндеуге қойылған «Тойота-Хайлюкс» пикапын ұрлап айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Станса қожайыны полицияға шағымданды. Батыс Қазақстан облысынан табыс табуға келген 29 жастағы жұмысшы ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.