Атырау, 20 сәуір 06:01
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Түрмеге түсе жаздады

1 847 просмотра

№2 Атырау қалалық сотында құны 27 000 теңге тұратын ұялы телефонды ұрлаған кәмелет жасына толмаған жасөспірім қызға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Айыпталушы тергеу барысында мойындағандай, ол осы жылдың тамыз айында қаладағы оқу орындарының біріндегі  компьютерлік кабинетте тұрған бөгде біреудің қол сөмкесінің ішінен ұялы телефонды суырып алған.     

Атырау қаласы прокуроры көмекшісі Мақсат АТАННЫҢ айтуынша,бүгінде қалада қыз балалардың ұрлыққа баруы сирек кездесетін жағдай. Десе де, мұндай фактінің орын алуы алаңдатарлық жайт.

- Сот тергеуі барысында, қылмыспен келтірілген материалдық шығыны толығымен қалпына келтіріліп, жәбірленуші мен сотталушы өзара татуласты, - дейді қала прокурорының көмекшісі М.Атан.- Жәбірленушінің кешірім беруінің арқасында қылмыстық іс қысқартылып, қыз бала қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Айнұр САПАРОВА

2 қазан 2013, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.