Атырау, 24 сәуір 01:13
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қылмыстар хроникасы

2 515 просмотра

Полицияға Лесхоздағы жеке үйде тұратын 25 жастағы тұрғын хабарласты. 27 наурызға қараған түні оның ауласынан 15 мың теңге сомасындағы жайылып тұрған киім-кешегі жоғалып кетіпті. Заттар көршілерінен табылып, қожайынына қайтарылды.

***

Жайық сағасынан 27 наурыз күні таңертең су полициясының қызметкерлері Жұмыскердің үш тұрғыны мінген казанка-қайығын ұстады. Қайықтан 214 келі сазан мен 39 келі жайын табылған.

***

Наурыздың 30-ы күні сағат 11-де №17 теміржол разъезінің маңындағы Астрахан-Атырау тас жолынан су полициясының қызметкерлері Жанбай селосының 43 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота-Камри» көлігін ұстады. Көліктің жүксалғышында 103 келі бекіре тұқымдас балық болған.

***

31 наурызда таңғы сағат 5-те Атырау-Орал тас жолында Өрлік селосы жақтан шыққан «Фольксваген-Пассат» басты жолмен келе жатқан УАЗик көлігімен соғысқан. ЖКО нәтижесінде «Фольксвагеннің» 27 жастағы жүргізушісі – Батыс Қазақстан облысының тұрғыны түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.

***

Наурыздың 31-інде таңғы сағат 7-де Рембаза маңындағы Жайық өзенінен 40-45 жастағы әйел адамның мүрдесі су бетіне қалқып шыққан. Оның үстінде қызыл пальто, тоқылған көк телпек, қара шалбар және етік болыпты. Зорлық белгілері анықталмады. Сараптама тағайындалды.

***

Наурыздың 31-інде сағат 15-те «Дина» базарында жеке кәсіпкер әйелден құны 15 мың теңге тұратын күннен қорғайтын көзілдірік ұрланған. Ұрлық жасады деген күдікпен 18 жастағы екі индерлік ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

3 сәуір 2013, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.