Атырау, 2 желтоқсан 02:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Генералдық тазарту

4 399 просмотра

Бүгін, 27 мамырда, Атырау облысының ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Арман ЖАЛМҰХАНБЕТОВ (өткен жылы бүкіл жергілікті құқыққорғау органдарының басшылары масқара болып отставкаға кеткен кезде тағайындалған еді) Атырау қалалық патрульдік-күзет қызметінің екі сержантын жұмыстан босату туралы бұйрыққа қол қойды («Атыраулық полицейлер Керенский салған ізбен жүр» жарияланымын қараңыз).

Бұл туралы бүгін шұғыл шақыртылған брифингте Атырау қалалық ІІБ бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ (суретте) хабарлады:  «Патрульдік-күзет қызметінің сержанттары түнгі кезекшіліктен шығып, аталмыш үйге кезекші көлікпен жеткен. Қызметтік тергеу шеңберінде ол жерде не істегендіктерін сұрастыру кезінде, олар таныстарына барғандықтарын айтты.

Тұрғындарға балағат сөздермен тіл тигізген Өзбекстан азаматшасы қабылдағыш-тарату орнына қамалды. Жалға берілетін баспананы тексеру үшін пәтер қожайынына қатысты материал Атырау қалалық салық басқармасына жолданды.

Бұл оқиғаны тергеумен ішкі қауіпсіздік басқармасы айналысады. Егер Өзбекстан азаматшасының жезөкшелікпен айналысқаны дәлелденсе, пәтер қожайыны ҚР Қылмыстық кодексінің 271-бабы («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Жеке құрам бойынша ІІД бұйрығымен оқиға орнына келіп, әйел киімін киінген қарамағындағы қызметкерлерін ұстау шарасын алмаған патрульдік-күзет қызметінің батальон командирі лауазымынан шеттетілді. Сонымен қатар, осы ауданға жетекшілік ететін екі учаскелік инспектор жұмыстарынан шеттетілді. 9 және 17 сәуірде тұрғындар пәтерден шу шығатындығы, адамдарға ұйқы бермейтіндігі туралы полицияға арыз жазған еді. Арыздардың біріне сәйкес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 333-бабы («Тыныштықты бұзу») бойынша хаттама жасақталды, алайда бұл жұмыс аяғына дейін жетпеген болатын.

Жоғарыда аталған сержанттар ішкі істер органдарында 2009 жылдан бастап жұмыс істеп, өткен жылы аттестаттаудан өткен еді».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

27 мамыр 2013, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.