Атырау, 27 желтоқсан 01:31
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Атыраулық полицейлер Керенский салған ізбен жүр (+бейнежазба)

5 153 просмотра

«АЖ» тілшісі Атырау қаласының полицейлерінің Тельман көшесіндегі №5 үйдің тұрғындарына емес, жезөкшелер мен олардың клинттеріне көмектескенін өз көзімен көрді. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының ашынған зейнеткерлерден жасырыну үшін әйелдердің киімін киіп алып, сыртқа шыққандарының куәсі болды. 

МІНЕ, СІЗГЕ МАШИНАНЫҢ КІЛТІ...

«Тельман 5-ке бар, өзіңе керектіні таңдап аласың», - деп Атырауда "жеңгетайлардың" өз клиенттеріне айтып жүргендеріне осымен кем дегенде 5-6 жыл болды. Және осы жылдар бойы зейнеткерлер – тельмандықтар полицияға бірнеше рет арыз жазып, 1-пәтер қожайынына қалада белгілі «жеңгетайға» жалдауға бермеу туралы жасаған өтініштері нәтижесіз болып келген.

Осылайша тұрғындардың тыныштығын бұзған айқай-шу, зар илеген дауыстар, балағат сөздер мен көптеген көліктердің гүрілі, үйілген бөтелкелер, презервативтер мен толған темекі тұқылдарына қатысты ешкім де ешбір шара алмай отыр. 

Сөйтіп 25 мамырда таң сәрідегі уақыт сағат 5-те Тельманның тып-тыныш ауласында №5 үйдің тұрғындары мен жезөкшелердің арасында кезекті шайқас басталды. Уақытша жеңіске қорқа-қорқа батыр болған зейнеткерлер екі журналистің көмегімен жетті  (телеарналардың бірінің тілшісі - өзіміздің әріптесіміз де осы маңға жетіп үлгерді). Ал «махаббат пірлері» мен олардың клиенттеріне ...полицейлер көмектескісі келді.

Шайқастың нағыз қызған кезі таң сәріде басталуының себебі мынау: әуелі подъездің алдына келіп тоқтаған машинаны бейнетаспаға түсіріп үлгердік. Оның ішінен екі полицей асықпай шығып, 1-пәтерге маңғаздана кіріп бара жатты. Кейін тұрғындар өздері полицияға хабарласқанда, басқа наряд келді. Бірақ бұл полицейлер неге екені белгісіз, пәтерге кірген жоқ. Ал осы кезде оның ішінде олардың әріптестерінің отырғанына бір сағаттан артық уақыт болған.

Сол сәтте 1-пәтерден форточка арқылы (!) полицейлердің бірінші келген машинасының кілтін беріп үлгерді. Аң-таң болған тұрғындардың көзінше оларға белгілі "жеңгетайлар" отырып, оны орнынан қозғалтып, әрмен қарай қойды. 

БӘРІ ДЕ ӘДЕТТЕГІДЕЙ, ВАТСОН

Көп кешікпей пәтерден әлдебір жастау келген әйел адам шығып, байыппен ғана екінші болып келген полицей нарядының машинасына отырды.  Бұдан соң машинаның терезесінен тұрғындарға қарата балағат сөз айтып, жанжал бастау үшін бөтелке лақтырып жіберді (кейін белгілі болғандай оған бұл екі полицей шығып кетуі тиіс болған подъезден көпшіліктің назарын басқа жаққа аудару үшін қажет болған).  

Ал мына қызықты қараңыз, машинада отырған полицейлер бұл әйелдің бұзақы қылығына ең болмағанда ескерту құрлы ешқандай да әрекет жасаған жоқ.

Содан соң ол пәтерде отырып қалған полицейлерге қоңырау шалып, телефонды әріптестеріне берді. Бұл әңгіменің кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болған полицейлерді құтқарып қалу үшін керемет жоспар ойластырылған болуы керек (әрі қарай үшінші машинада шендері де, лауазымдары да жоғары командирлері келген кезде "қызықтың көкесін" көрдік). Қысқасы, тәртіп сақшылары Қысқы сарайдан әйел адамның киімімен қашып шыққан Уақытша үкіметтің төрағасы Александр Керенскийдің тарихи тәжірибесіне (кейбір зерттеушілер бұл большевиктердің ойдан шығарғанына сенімді) сүйеніп, іске асырған.

ШЕРШЕ ЛЯ ФАМ

Подъезден екі полицей жүгіріп шықты. Біреуі әйелдің сарғыш күртешесін киген. Күртешенің астынан формалық шалбары көрініп тұрды. Екіншісі денесіне жабысып тұрған әйелдің тар шалбарын киген. Олардың өз машиналарында отырған әріптестері орындарынан да қозғалған жоқ. Керенскийдің соңынан ергендерді аяғы бір ауыр келіншек пен бір қартаңдау келген ер адам ұстап беруге тырысты. Екі жақтың қуат күші тең емес еді. Әйелдердің киімін киіп алған полицейлер олардан сытылып шығып, қашып кете алатын.  

ҚІІД бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВТЫҢ қабылдауына таңғы сағат 8-де кірген №5 үйдің тұрғындары "кінәлілер жұмыстан қуылады" деген жауап алды. Ал өте кеш жеткен кезекші топтың (полицияға хабарлаған соң 40 минуттан кейін келді) әлгі әйелдің бұзақылық көрсетуіне сылбыр әрекет етіп, 1-пәтерден жүгіріп шыққандарды ұстамады және осы уақытқа дейін неге ешқандай шара алынбай отыр деген сауалдары әзірге жауапсыз қалды.

 

Абай болыңыз! Әдепсіз сөздер бар (+18)

 

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

Суретті түсірген автор

P.S. Тельман көшесіндегі (Досмұхамбетов болып өзгерген) №5 үй тұрғындары олардың тыныштығын бұзушылар бұл мекенжайды ұмытуын өтінеді. Үйде тұратын зейнеткерлер  мен науқастар көп. Олар полицейлер жол беріп отырған көпжылғы бейберекетсіздіктен шаршады. Олардың тығырықтан шығар жолы біреу ғана: бұл - пәтердің қонақтарын фотосурет пен бейнетаспаға түсіріп, интернетке шығару. 

26 мамыр 2013, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.