Атырау, 25 қыркүйек 12:24
 ашықВ Атырау +13
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Қылмыстық хроника

4 105 просмотра

Полицияға Құрманғазы ауданындағы Ақкөл селосының 18 жастағы тұрғыны хабарласты. Ол Көптоғай селосындағы құрбысының үйіне қонған кезде, күртесінің қалтасынан есепшотында 239 мың теңгесі бар «Альянс-Банктің» кәртішкесі қолды болыпты. Тергеу жүргізілуде.

 

***

Сәуірдің 6-на қараған түні белгісіз біреулер Сәтпаев даңғылының бойындағы азық-түлік дүкенінің есігін бұзып кірген. 200 мың теңгеге шығатын азық-түліктер қарақшылардың олжасына айналған. Тергеу жүргізілуде.

 

***

ҚІІБ-не Авангардта тұратын 30 жастағы жұмыссыз шағымданды: үстіміздегі жылдың қаңтарында жұмысқа орналастыруға уәде берген танысы оның 60 мың теңгесін алып, өзі ғайып болған. 30 жастағы алаяқ ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхат алынды.

 

***

Сәуірдің 6-на қараған түні Құрманғазы ауданының Амангелді селосындағы үйлердің бірінің ауласындағы сарайдан «Стэлс» велосипеді ұрланған. Ұрлық жасады деген күдікпен Сафоновка селосының 31 жастағы тұрғыны ұсталды.

 

***

6 сәуір күні кешкісін Исатай-Махамбет алаңында ТШО-ның 20 жылдығына арналған концерт болып жатқан кезде 23 жастағы қыздың күртесінің қалтасынан 30 мың теңге ұрланған. Ұрлық жасады деген күдікпен Атырау қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды.

 

***

Сәуірдің 7-іне қараған түні белгісіз біреу Сырым Датов көшесінің бойындағы үй маңында тұрған «Тойота-Камри» көлігінің терезесін сындырып, автомагнитоласын ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Ақдепода тұратын 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

 

***

Сәуірдің 8-інде күндіз Канцев көшесінің бойындағы «Атаба» супермаркетінің жанынан белгісіз біреу 36 жастағы әйелдің сөмкесін тартып алған. Сөмке ішінде 47 мың теңгесі мен ұялы телефоны болған екен. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданының 60 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

 

***

Сәуірдің 8-і күні таңертең Атырау-Дамбы трассасында су полициясының қызметкерлері ілеспе құжаттары жоқ 160 келі сазан тиеген «Фольксваген-Пассат» көлігін ұстады. Балық қожайыны - Дамбы селосының 25 жастағы тұрғыны басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Келесі күні Атырау-Астрахан трассасында Жанбай селосының 22 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-2115 көлігі ұсталды. Жүксалғыштан жаңадан ауланған 27 келі бекіре тұқымдас балық табылды.

 

***

Сәуірдің 8-і күні кешкісін Махамбет көшесінің бойындағы кафенің жанынан белгісіз біреу 22 жастағы жігіттің 30 мың теңгесін тартып алған. Атырау қаласының 30 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

 

***

ҚІІБ-на 50 жастағы әйел адам хабарласты: 2011 жылдың қаңтарында 29 жастағы танысы ракушеблок алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, оның 580 мың теңгесін алып кеткен. Содан бері ақша да, кірпіш те жоқ. Іздеу жарияланды.

10 сәуір 2013, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.