Атырау, 20 сәуір 17:23
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қылмыс хроникасы

3 885 просмотра

Атырау қаласында 18 тамызда 19 жасар қалалық өзінің Hyundai Sonata автокөлігін басқарудан айырылып қалып, 26 жасар жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші оқиға орнында мерт болды. ҚР ҚК 296 бабы, 2 тармағы бойынша (Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы) қылмыстық іс қозғалды.

  


                                  *                 *                *
Құлсары қаласында алаяқтық жасады деген күдікпен 43 жасар жергілікті тұрғын ұсталды, ол алдау-арбау жолымен үш құлсарылық әйелдің 712 мың теңге ақшасын алып кеткен.

 


                                 *                   *                *
Өткен жексенбіде су полициясы қызметкерлері 25 жасар Дамбы селосының тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-21723 автокөлігін тоқтатып, жүк салғышынан 140 келі қызыл балық тапты. ҚР ҚК-нің 183-бабы бойынша (Қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу немесе сату) қылмыстық іс қозғалды.

22 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.