Атырау, 26 сәуір 19:59
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Оқиғалар хроникасы

2 556 просмотра

Тамыздың 3-і күні түсқайта қала сыртындағы Көкарна ауылындағы бір үйден зергерлік бұйымдар мен 110 мың теңге ұрланды. Ұрлық жасады деген күдікпен 30 жасар әйел ұсталып, ешқайда кетпеу туралы қолхат жазу арқылы босатылды.

* * *

Полицияға 29 жасар әйел4 тамыз күнітаңғы сағат 6-да Привокзальныйдағы бір пәтерде оны Батыс Қазақстан облысының 35 жасар тұрғыны зорлады деп шағымданды. Зорлықшы тұтқындалды.

* * *

Қызылқоға ауданы Жасқайрат селосының 47 жасар тұрғыны үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап Мұқыр селосының екі тұрғыны мен өз ауылдасы Қоныстану селосындағы шаруа қожалығына күштеп ұстап, мал бақтырды деп полицияға шағымданды. Бақташы 175 мың теңге көлемінде жалақысын беруді талап етті. Тергеуге дейінгі тексеру жүріп жатыр.

* * *

Демалыс күндері Атырау қаласының жеке үйлер бөлігінде екі автокөлік белгісіз себептермен жанып кетті. 3 тамызға қараған түні Худин көшесіндегі үйдің ауласынан «Шкода Октавия» жанып кетті. Келесі күні сағат кешкі 22.00 шамасында Сейфуллин көшесі бойындағы үйдің ауласында 2012 ж.ш. «Тойота Королла» түгелдей өртеніп кетті.

* * *

Шілденің 31-і күні таңда «Дина» базарындағы жиһаз салонынан өрт шықты. ТЖД баспасөз қызметінің деректері бойынша, жану бірінші қатардағы қойма орынжайында болған. Өрт 08.25-те оқшауланып, 08.36-да сөндірілді. Тексеріліп жатыр.

* * *

Тамыздың 5-і күні Қызылқоға ауданы Сағыз селосында өз үйінің сарайында 38 жасар ер адам асылып қалды. 6 тамызда түнгі сағат бірлерде Махамбет ауданы Махамбет селосында жеке меншік үйдің қақпасына 18-жасар бала асылып өлген. Сараптама тағайындалды. Өзіне-өзі қол жұмсау себептері анықталуда.

* * *

Полицияға 57 жасар әйел өзіне тиесілі «Тойота Камри-40» автокөлігін ұлының маусым айында ұрлап айдап кетіп, Орал қаласына апарып сатып жіберді деп шағымданған. Зардап шегуші жалпы шығынды 25 мың долларға бағалады. Ұрлықшы мұрагер іздестірілуде.

* * *

Тамыздың 6-на қараған түні белгісіз ер адам Лесхоз ықшамауданындағы жеке үйге терезеден кіріп, 25 жасар жалғызбасты әйелді зорлаған. Зорлықшының фотороботы полиция бекеттеріне таратылды.

* * *

Тамыздың 6-на қараған түні 27 жасар ұры Амандосов көшесі бойындағы пәтерлердің біріне ұрлана кіреді. Алайда төсегінен айран ішуге тұрған 51 жасар үй иесіне тап болып, «қарусыз өзін қорғау» әдісімен құрықталды. Ұры да осал емес екен – бұрын ұрлық жасағаны үшін екі рет сотталған.

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.