Атырау, 27 шілде 05:45
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Қылмыс хроникасы

3 398 просмотра

Қыркүйектің 3-інде күндіз су полициясының қызметкерлері Рыбоходный каналынан қолдан жасалған«Ямаха-200»аспалы моторлы ағаш байданы ұстады.Одан жалпы салмағы 8 келі болатын 2 қортпа, екі балық аулау торы және «Гармин» навигациялық аспабы табылды. Қайықта болған үш браконьерден (екеуі Ракуштікі, біреуі Жұмыскерден) жауап алынып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

*         *         *

Қыркүйектің 5-іне қараған түні драма театры ғимаратының жанында белгісіз біреу 32 жастағы әйел адамға шабуыл жасап, ішінде 86 мың теңгесі бар сөмкесін тартып алған. Кісі тонады деген күдікпен Құрманғазы ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды.

*         *         *

Қыркүйектің 5-іне қараған түні Ганюшкин селосында белгісіз біреулер құрылыс дүкеніне ұрлыққа түскен. 7 сплит-жүйе, 17 сорғы, пластик тұрбалардың қомақты партиясы қолды болған. Ұрлық жасады деген күдікпен Құрманғазы ауданының Жыланды селосының 24 жастағы тұрғыны ұсталып, заттай айғақтар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

*         *         *

Қыркүйектің 6-ына қараған түні Гагарин көшесінің бойындағы жеке үйде 24 жастағы қызды зорлап кеткен. Махамбет ауданының Жалғансай селосынан келген зардап шегушінің 23 жастағы танысы ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

*         *         *

Қыркүйектің 6-ына қараған түні Ганюшкин селосында белгісіз біреулер пластик терезе жасайтын цех ғимаратына кіріп, 3 болгарканы, 1 циркулярлы араны, 2 электр бұрғысын және жиынтық материалдары бар жәшікті ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу барысында ол бірнеше сағаттан кейін тағы бір ұрлық жасағанын мойындады. Бұл жағдайда жеке үйден қымбат планшетник қолды болған.

*         *         *

Қыркүйектің 6-да жұмыс күнінің соңында Бигелдинов көшесінің бойындағы ЖШС-лардың бірінің базасынан 50 метр электр желісін ұрламақ болған осы ЖШС-нің екі қызметкері ұсталды.

*         *         *

ҚІІБ-на 32 жастағы қала тұрғынының алаяқтығы туралы 2 шағым келіп түсті. Бірінші жағдайда ол әйел жер телімін алып беруге көмектесем деп 27 жастағы танысының 150 мың теңгесін алып, алдап кеткен. Екінші жағдайда осы секілді сызбамен 51 жастағы әйел адамды 259 мың теңгеге алдаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті осы шағымдар берілген кезде алаяқтықтың басқа фактілері бойынша тергеу изоляторында жатқан боп шықты.

*         *         *

Қыркүйектің 6-да кешке Авангардтағы супермаркеттердің бірінің жанынан қалта ұрысы 62 жастағы зейнеткердің ұялы телефонын ұрлап алған. Зиян мөлшері 7 мың теңгені құрады. Бейнекамералардың көмегімен полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, күдіктіні - Авангардтың 50 жастағы тұрғынын ұстады.

*         *         *

Қыркүйектің 8-іне қараған түні белгісіз біреулер Махамбет көшесінің бойындағы облыстық филармония ғимаратының жанында тұрған контейнерді «ашып»,құрылыс материалдары мен перфораторды ұрлап кеткен. Зиян мөлшері 200 мың теңге құрады. Ұрлық жасады деген күдікпен Ганюшкин селосының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Заттай айғақтар алынды.

*         *         *

Жайық сағасында су полициясы мен табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері ішінде Жаңаталап селосының екі тұрғыны болған «Ямаха-200» аспалы моторлы «Амур» қайығын ұстады. Қайықтан 20 келі қортпа, 2,2 келі қара шикі уылдырық және навигациялық аспаптар табылды. Тергеу ісімен су полициясы айналысуда.

*         *         *

Қыркүйектің 9-ына қараған түні Атырау-Орал тас жолында Есбол селосының маңынан Индер АІІБ қызметкерлері рөлінде Бесікті поселкесінің 25 жастағы тұрғыны отырған «Seat Alhambra» жеңіл көлігін ұстады. Жүксалғыштан рұқсат құжаты жоқ 930 келі қара балық тұқымдастар табылған.

*         *         *

Қыркүйектің 9-да күндіз Ғұмаров көшесінің бойындағы ЖШС-лердің бірінің базасынан ВВГ 4-10 электр кабелінің орамасы ұрланды. Зиян құны 166 мың теңгені құрады. Ұрлық жасады деген күдікпен 26-дан 32 жасқа дейінгі төрт атыраулық тұрғын ұсталды. Заттай айғақтар алынды.

11 қыркүйек 2013, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.