Атырау, 26 сәуір 10:08
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Оқиғалар хроникасы

3 062 просмотра

Шілденің 17-сінде Абай көшесінің бойындағы «Грин-Отель» ауласына қойылған Атырау қаласының 32 жастағы тұрғынына тиесілі «Ниссан-Мурано» көлігінің қозғалтқыштар бөлігі тұтанған. Өрт оқиға орнына келген өрт сөндіру жасағының күшімен өшірілді.

***

 

Теңіз кенішінде ЖШС-лердің бірінде жұмыс жасайтын Индер ауданы Өрлік селосының 30 жастағы тұрғыны 10 шілдеде жатақхананың бөлмесінен өзінің банкомат кәртішкесін белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігін полицияға хабарлады. Қаскөйлердің кәртішкеден 77 мың теңгені түсіріп алғандығы туралы ол вахтадан оралғаннан кейін ғана білген. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Шілденің 17-іне қараған түні Индербор поселкесінде белгісіз біреу әйнегін сындырып, азық-түлік дүкеніне кіріп, 19 мың теңге сомадағы азық-түлікті ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен 76 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қариядан жауап алынып, ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Шілденің 17-іне қараған түні Атырау-Орал трассасының 100-ші шақырымында Махамбет ауданы Алмалы селосының 30 жастағы тұрғыны «Ниссан-Премьера» көлігінің рөлінде отырған кезде рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Жүргізуші алынған зақым салдарынан сол жерде көз жұмды. 31 жастағы жолаушы Махамбет аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді.

***

 

Қаладағы сауда компанияларының бірінің директоры полицияға хабарласып, тексеру кезінде қоймашыдан түрлі темекі өнімдерінің 17 мың будасы жетпей қалғандығына шағымданды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Шілденің 17-де сағат 18-де Индербор поселкесінде өзенге шомылып жүрген 35 жастағы ер адам суға батып кетті. Денені іздеу жұмыстары жүргізілуде.

***

 

Шілденің 17-де сағат 16-да Теңіз вахталық поселкесінде белгісіз біреу МАЗ көлігінен 20 литр солярка құйып алған. Ұрлық жасады деген күдікпен ЖШС-лердің бірінің 58 жастағы жұмысшысы ұсталды.

***

 

Шілденің 18-де 23 сағат 15 минутта Жилгородокта Мұқанов көшесінің бойындағы үйлердің біріндегі 4 қабаттағы пәтер терезесінен 2 жасар ұл бала құлап кетіп, түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

***

 

Шілденің 20-сына қараған түні Махамбет ауданының Жалғансай поселкесінің маңында Жайық өзеніне шомылып жүрген 39 жастағы ер адам суға батып кетті. Судан құтқарушылардың күшімен 6 сағаттан кейін дене судан шығарылды.

***

 

Полицияға «Дина» базарында сауда жасайтын 25 жастағы жеке кәсіпкерден арыз түсті. 21 шілдеде жұмыс күнінің аяғында белгісіз ер адам оның сауда сөресінен 150 мың теңге тұратын киімдерді ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

***

 

Шілденің 22-сіне қараған түні Сәтпаев даңғылында екі ер адамның үшінші адамды ұрып жатқандығына куә болған 24 жастағы қыз баладан қоңырау түсті. Шақырту бойынша «Тосқауыл» жасағы жіберіліп, шабуыл жасаушылар ұсталды. Зардап шегуші қашып кетті.

***

 

Полицияға «Дина» базарында құрылыс материалдарын сататын 49 жастағы жеке кәсіпкер әйелден шағым түсті. 15 шілдеде сағат 17-де 24 жастағы жігіт кейін есептесеміз деп уәде беріп, 308 мың теңгелік тауарын алып кеткен. Бірақ оның ізі де ғайып болған.

***

 

Шілденің 23-іне қараған түні Авангард 3-ықшам аудандағы үйдің подъезінде 51 жастағы жұмыссыз 4-ші ықшам ауданның 40 жастағы тұрғынының ішіне кездік сұғып алған. Жара шегуші облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

 

Азаттық даңғылының бойындағы кафелердің бірінің қожайыны кафенің 32 жастағы қызметкерінің кассадан 60 мың теңге мөлшерінде түскен ақшаны ұрлап алғандығын полицияға хабарлады. Күдікті ұсталып, қолхатпен босатылды.

***

 

Шілденің 23-іне қараған түні белгісіз біреулер Алтынсарин көшесіндегі дүкеннің терезесінің жақтауын шығарып алып, ішіне түскен. 179 мың теңгеге темекі мен арақ өнімдерін қолды қылған.

***

 

«Жамбыл» балық кооперативінің басшылығы 15 шілдеде 56 жастағы балықшының базадан ау құралын ұрлап кеткендігін полицияға хабарлады. Күдікті іздестірілуде.

24 шілде 2013, 13:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.