Атырау, 5 қазан 03:12
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Оқиғалар хроникасы

3 164 просмотра

Наурыздың 12-сіне қараған түні Қызылқоға ауданындағы Мұқыр селосының аурухана қосынына бытыра оғынан аяқтары мен кеудесінен жарақат алған 34 жастағы жергілікті тұрғын және Сағыз селосының 26 жастағы тұрғыны жеткізілді. Жарақат қауіпсіз боп шықты. Медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді. Қарулы шабуыл жасады деген күдікпен Мұқыр селосының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан 16-калибрлі қосауыз мылтық тәркіленіп алынды.

***

Наурыздың 13-і күні кешкісін «Қару» операциясының барысында Пушкин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында пакетіне 16-калибрлі сыңар ауыз шолақ мылтық салып алған 41 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Сараптама тағайындалды.

***

Наурыздың 14-іне қараған түні белгісіз біреу Жұлдыз ықшамауданындағы үйдің терезесін сындырып, үйге кіріп, 220 мың теңгені ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Геолог поселкесінің 38 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

ҚІІБ криминалдық полициясы Авангард 3-ықшамаудандағы азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Атыраудың 32 жастағы тұрғынын ұстады. Оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

***

Полиция Құрсай поселкесінде тұратын, колледждердің бірінің 17 жастағы оқушысын ұстады. Ол 28 ақпанға қараған түні Құрсайдағы үйлердің бірінің терезесін сындырып, «ИЖ-39» маркалы аңшы қаруын ұрлаған деп күдіктеліп отыр. Қылмыстық іс қозғалды.

***

СМП-163 ауданында 23 ақпанда әйел адамның қалтасынан «Самсунг-Галакси» ұялы телефонын ұрлады деп күдіктелген Атырау қаласының тұрғыны ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.

***

Миялы селосының тұрғыны Қызылқоға АІІБ-не 14 наурызға қараған түні үйінің ауласындағы мал қорасынан бір қозы мен бір лақтың ұрланып кеткендігін мәлім етті. Ұрлық жасады деген күдікпен зардап шегушінің 67 жастағы ауылдасы ұсталды.

***

Наурыздың 14-і күні таңертең Әлиев көшесінің бойында Тұлпар ықшамауданының 44 жастағы тұрғыны 36 жастағы әйелдің бетінен ұрып, зақым келтірген. Бұзақы ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Наурыздың 15-і күні таңертең Абай көшесіндегі букмекерлік кеңсенің тоналғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз біреу кассадан 117 мың теңге ұрлаған. Күдікті - Мақат поселкесінің 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Полицияға Балықшының 37 жастағы тұрғыны хабарласты: 2011 жылдың тамызында оның 27 жастағы танысы 340 мың теңгені қарызға алып, қайтармаған. Алаяққа іздеу жарияланды.

***

Наурыздың 15-і күні сағат 12-де «Насиха» базарындағы бутик сатушысы белгісіз біреудің құны 45 мың теңге тұратын пальтоны ұрлап кеткендігін полицияға хабарлады. Ұрлық жасады деген күдікпен 35 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды. Оған сонымен қатар, сол күні «Насиха» базарындағы шаштараздан 16,5 мың теңге мөлшеріндегі түсімді ұрлап кеткен деген айып тағылып отыр.

***

Наурыздың 17-сі күні кешкісін белгісіз біреулер Баймұханов көшесіндегі мейрамханалардың бірінің жанынан 10 темір тұрбаны ұрлаған. Ұрлық жасады деген күдікпен Атыраудың 37 және 26 жастағы екі тұрғыны ұсталды.

21 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.