Атырау, 30 мамыр 06:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +30
$ 444.45
€ 476.27
₽ 5.56

Сіз – бізге, біз – сізге

2 008 просмотра

15 ақпанда ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қаржы полициясымен біріге отырып, екі су полициясы қызметкерін ұстады.

Бейресми деректер бойынша, бұл екеуі Атырау-Астрахан тас жолы бойында ақпанның 14-інен 15-іне қараған түні 3,2 тонна мұздалған қара балықтың заңсыз партиясынұстауға қатысқан.Жүк иесі әйел адамның жүкке ілеспе құжаттары болмаған. Алайда су полициясының екі қызметкері онымен өздеріне балықтың бір бөлігін – 1800 келісін, босатамыз деп келіседі.

Қаржы полициясының баспасөз қызметі бұл іс турасында ешқандай ақпаратымыз жоқ деп хабарлады. ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА ұсталғандар су полициясы қызметкерлері екенін ғана растады.  

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 ақпан 2013, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.