Атырауда 2 жасар қызды көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр. Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлады.
ЖКО 25 мамырда Атырау қаласы Қайыршақты округының Томарлы селосында орын алды. Белгісіз біреу 2 жасар қызды қағып, оқиға орнынынан қашып кеткен. Ол облыстық балалар ауруханасында есін жимастан көз жұмді. Алдын ала деректер бойынша, баланы үлкен жылдамдықпен келе жатырған «Газель» автокөлігінің жүргізушісі басып кеткен. Тергеуді ІІД-нің анықтау бөлімі жүргізіп жатыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ