Атырау, 31 наурыз 11:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 448.05
€ 486.58
₽ 5.82

Су полициясының үлкен олжасы

1 969 просмотра

25 наурыз күні сағат 19.20-да су полициясының қызметкерлері Махамбет ауданы Ақтоғай ауылы аумағындағы Жайық өзені жағасында екі браконьерді 1 тонна қара балықпен ұстады.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оларды тексеру барысында жалпы салмағы 1 тоннадан аса 18 қап балық пен 100 метрлік ау құралы алынған. Ұсталғандардың төлқұжаттары болмады. Өздерінің айтуларынша, олар Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының 1964 және 1972 ж.т. тұрғындары. Ұсталғандар ІІМ-нің қабылдау-тарату бөліміне қамалды. ҚР ҚК 287-бабы бойынша (Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын заңсыз аулау) қылмыстық іс қозғалды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

26 наурыз 2013, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.