Атырау, 20 сәуір 18:21
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қылмыс хроникасы

1 640 просмотра

Сәуірдің 11-іне қараған түні Элеваторный көшесіндегі ЖШС базасынан 100 метр электр желісі қолды болды. Тергеу жүргізілуде.

***

49 жастағы қала тұрғынына іздеу жарияланды. 2010 жылдың қаңтарында жер телімдерін алып беруге көмектесем деп уәде беріп, бірнеше адамның ақшасын алған. Алаяқтың жалпы «олжасы» - 1 млн 850 мың теңгені құрайды.

***

«Бекіре-2013» операциясының барысында Талғайранда Махамбет ауданының 22 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Фольксваген-Пассат» көлігі ұсталды. Жүксалғыштан 209 келі қаракөз табылды.

***

Сәуірдің 11-де кешке Котяевкадағы шекара бекетінен УАЗ көлігін жүргізіп келе жатқан Ресей азаматы ұсталды. Көлік салонынан құжаттары жоқ 372 келісазан мен85 келі жайын табылды.

***

Жылыой АІІБ-не ЖШС-лердің бірінің жетекшісі 15 наурыз бен 11 сәуір аралығында шағын кәсіпорын базасынан тегістегіш машинаның қайрақ тасы мен электродтар ұрланып кеткендігі туралы шағымданды. Зиян мөлшері 150 мың теңге құрады. ЖШС супервайзері ұсталды.

***

Сәуірдің 12-сінде кешке Махамбет поселкесінің 60 жастағы тұрғыны АІІБ-не үйінен 25 жастағы баласының өлі денесін тапқандығы туралы шағымданды. Оның денесінен жарақат іздері табылған. Кісі өлтірді деген күдікпен 21 және 20 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды.

***

Сәуірдің 12-сі күні кешкісін «Идеал» супермаркеттерінің бірінің күзетшісі бір бөтелке «Мартел» коньягы мен 2 сықпа тіс пастасын қойындарына тығып алып кетпек болған 24 және 22 жастағы екі ер адамды ұстады. Заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

***

Сәуірдің 12-іне қараған түні Атырау-Орал трассасында «Тойота-Ландкруизер» джипі аударылды. Көліктің 40 жастағы жолаушысы облыстық ауруханада есін жимаған күйі қайтыс болды.

***

14 сәуірде Атырау-Астрахан трассасында Исатай стансасының маңында Жанбай селосының 22 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-21102 көлігі ұсталды. Көлік салонынан 105 келі қортпа табылды.

Сол күні Дамбыда су полициясының қызметкерлері үйлердің бірінің ауласындағы сарайды тінту кезінде 55 келі қортпа балығын тапқан. Тергеу жүргізілуде.

***

Құлсары қаласында «Адай» кафесінің маңында 20 және 34 жастағы жергілікті екі тұрғын мылтық оғынан жарақатын алып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Құлсары қаласындағы Бірінші ықшамаудандағы №13 үйдің баспалдақ алаңында1991 жылғы жас жігіттің мүрдесі табылды. Жігіт жүрегіне қадалған пышақ жарақатынан қаза болған. Күдікті ұсталып, оған қарсы ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-тармағы (Қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

18 сәуір 2013, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.