Атырау, 1 желтоқсан 21:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Алаяқ бала күтуші

3 158 просмотра

3 наурыз күні ертемен Атырау ҚІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарақалпақстанның 33 жастағы азаматшасын ұстады. Полицейлер бұрын әлденеше рет сотталған осы тұлғаға қатысты 7 алаяқтық фактісін анықтады.

- Бұл әйел Атырау әйелдер колониясынан бір жыл бұрын ғана босап шыққан. Хабарландыру бойынша үйге бала күтуші боп орналасып, шамалы уақыт жұмыс істеп, содан соң оңтайлы сәтін күтіп, бағалы бұйымдарды қолды қылып, ғайып болып отырған, - деп әңгімелейді ҚІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ. - Өзінің соңғы қылмысын ол шектен шыққан арсыздықпен жүзеге асырған: Қожайындары үйде жоқ кезде бос пәтерге екі айлық сәбиді жалғыз тастап, өзімен бірге зергерлік бұйымдарды, қаракүзен ішікті, ноутбук пен басқа да бағалы заттарды алып кеткен. Ұрланған заттармен бірге төмендегі азық-түлік дүкеніне түсіп, қожайын әйел бәрін қайтарып береді деп сатушыны көндіріп, «қарызға» 30 мың теңге тұратын азық-түліктер алған.

Ұсталған кезде күдікті ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігін ломбардқа өткізіп үлгеріпті. Қалған ұрланған заттарды полицейлер оның үйінен тауып алды.

- Бүгінгі күні бұл азаматшаның кем дегенде осындай 7 қылмыс жасағанын анықтадық. Бірақ жапа шегушілер одан да көп болуы мүмкін. Ұстаған кезде одан ықтимал құрбандардың байланыс деректері жазылған қалың қойын дәптерін тәркіледік. Көпшілігі өз  аңғалдықтарынан осы алаяқтан зардап шеккен.  Жұмысқа қабылдау кезінде қожайындары тіпті оның төлқұжатын да қарамаған. Соңғы отбасымен әйел жалған есіммен танысыпты, - деп хабарлайды М. Тағаниязов.

Ұсталушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы («ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оны қамауға алу, сонымен қатар кәмелетке толмаған сәбиді қауіп-қатерде қалдырғаны үшін тағы бір қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Полицейлер әсіресе үй қызметкерлерін қабылдау кезінде қырағылық туралы ұмытпауды өтінеді:

- Өз балаларыңызды сеніп тапсыратын және үйіңізге кіргізетін ықтимал бала күтушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды міндетті түрде тексеріңіздер. Сонымен қатар полицияға хабарласып, ІІД дерекқорында бала күтушісі немесе үй қызметшісіне үміткердің бар-жоғын тексертіп алуға болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 наурыз 2013, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.