Атырау, 12 желтоқсан 10:32
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Қылмыс хроникасы

3 371 просмотра

Ақпанның 14-і күні Атырау – Орал тас жолының 5-шақырымында балық қорғау қызметі мен табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан MAN жүк көлігін ұстады.Көлік шанағынан ілеспе құжаттарсыз жалпы салмағы 7,5 тонна болатын 168 қапшық сазан табылды.

***

Полиция алаяқтыққа күдіктелген Ракуша поселкесінің 30 жастағы тұрғынын іздестіруде. Әйел көршілес Жұмыскер поселкесінің тұрғынынан үй сатып алуға көмектесемін деп уәде беріп, ақша алған. Оған жалпы сомасы 1,7 млн теңгеге 4 қылмыстық іс бойынша айып тағылып отыр.

***

Облыстық ауруханадан 16 ақпанда 32 жастағы қала тұрғынының қайтыс болғандығы туралы хабарлама түсті. Ол осыдан бір ай бұрын құрылыста жұмыс жасап жүрген кезде биіктіктен құлап, ауруханаға жеткізілген болатын.

***

Атырау-Орал тас жолы бойындағы Махамбет ауданының Талдыкөл посекесінің маңында 17 ақпанда 33 жастағы «Лада» ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жыраға түсіп кеткен. Апат нәтижесінде 33 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.

***

Сол күні Атырау-Астрахан тас жолында Исатай ауданының Байшақа қыстағының маңында 33 жастағы «Дэу-Нексия» жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Дэу-Такума» көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде ауруханаға «Нексияның» 3 жолаушысы мен «Такуманың» 1 жолаушысы жатқызылды.

***

Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында 18 ақпан күні кешкісін 26 жастағы жергілікті тұрғын мас күйде туған әкесін пышақтап өлтірген. ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-тармағы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiріп, жәбiрленушiнiң өлiмiне әкелген әрекет) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Ақпанның 18-і күні сағат 20-да балық қорғау қызметкерлері Элеватор маңынан Жұмыскер поселкесінің 43 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан бортты «Газель» көлігін ұстады. Көлік шанағында 1 тонна 337 келі сазан болған. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

***

Келесі күні кешкісін Дамбы маңындағы мұз бетінен Каспий теңізі жақтан келе жатқан мемлекеттік нөмірлері жоқ «Орал» маркалы 4 мотоцикл ұсталды. Мотоциклге тиелген сазанның жалпы салмағы 277 келіні құраған. Материал  әкімшілік сотқа жолданды.

21 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.