Атырау, 1 желтоқсан 02:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Қылмыстар хроникасы

3 116 просмотра

Маусымның 9-ына қараған түні Құрманғазы ауданының Сүйіндік селосында сарайдан үш тоқты ұрланып кетті. Ұрлық жасады деген күдікпен 37 және 33 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды.

***

 

ҚІІБ криминалдық полициясы Атырау қаласының Кеңөзек округіне қарасты Тасқала поселкесінің 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 30 мамырда бұзақылық пиғылмен Панфилов көшесінің бойында тұрған ВАЗ-2112 көлігінің терезесін сындырған.

***

 

ҚІІБ-не Атырау қаласының Балықшы округіне қарасты Химик саяжай поселкесінің 38 жастағы тұрғыны хабарласты. 8 маусымда оның үйінің ауласынан құрал-саймандар – дрель, багай, балға және т.б. ұрланған. Ұсақ ұрлық жасады деген күдікпен осы поселкенің 19 жастағы үш тұрғыны ұсталды.

***

 

Геолог поселкесінің 36 жастағы тұрғыны полицияға 12 маусымда күндіз оның үйінен жалпы құны 70 мың теңге болатын зергерлік бұйымдары мен ұялы телефоны ұрланып кеткендігін мәлімдеді. Ұрлық жасады деген күдікпен Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылының 25 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

***

 

Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны полицияға шағымданды. 12 маусымда кешкісін оған жұмысына екі әйел келіп, ноутбугы мен жеке заттарын алып кетіп, қарызын қайтарғанша бермейтіндігін айтқан. ҚР ҚК-нің 327-бабы («өзінше билік ету») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

 

ЖШС-лердің бірінің директоры полицияға 11 маусымда жүргізушісінің бір аптаға берілген 100 литр бензинді иемденіп, бір литрін 98 теңгеден сатқандығын мәлімдеді. Жүргізушіден жауап алынып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Маусымның 12-іне қараған түні Индер ауданының Есбол селосындағы үйлердің бірінің сарайынан белгісіз біреулер қой ұрлап кеткен. Зиян мөлшері 50 мың теңге құрайды. Барымташы әзірге табылған жоқ.

***

 

Құрманғазы ауданының тұрғыны Махамбет ауданының Алға селосындағы мейрамханада той өтіп жатқан кезде ұялы телефонын ұрлап кеткендігін полицияға хабарлады.

***

 

Ганюшкин селосында 16 маусымда Шарон өзенінен балық аулап жүрген 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Жарты сағаттан кейін оның денесі облыстық судан құтқару қызметінің күшімен судан шығарылды.

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.